КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ Шылаулардың қалыптасуЫ жӘне ОНЫ ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМДАР
Түркітану саласында осыған дейін руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздер арнайы ғылыми зерттеу ретінде алынып қарастырылмаған. Дегенмен тіл ғылымындағы XІX ғасырдың екінші жартысынан бастап бой көрсете бастаған еңбектерде түркі танушы ғалымдардың азды – көпті пікірлерімен әртүрлі көзқарастары бар. Бірақ олар алғашқы зерттеулердің бірі болғандықтан, тіл даму эвалюциясына байланысты кейбір пікір көзқарастары қазіргі түркі тілдес тілдер жүйесіне сәйкес келе бермейді. Себебі негізгі міндеті мен мақсаты белгілі бір сөз табын жан-жақты зерттеп, оған ғылыми тұрғыдан болжамдар мен дәлелдемелер жазып, елеулі еңбектер қалдыру емес. Мұнда тіл білімі саласындағы қайшылықтар мен басы ашылмаған мәселелерді реттеу, қандай да бір халықтың тіл ерекшеліктерін айқындау, тілдік жүйесін бір ізге келтіру сияқты көпшілікке танымал грамматикалық оқулықтар жасау десек артық не кем айтқандық бола қоймас. Мәселен, И.Гиганов «Грамматика татарского языка», М.Казем –Бек «Общая грамматика турецко-татарского языка», «Алтай тілдері грамматикасы», П.Мелиоранский «Краткая грамматика казак-киркизского языка», М.Терентьев «Грамматика турецкого, персидского, киргизского и узбекского языка» деген еңбектерде әрбір жеке сөз табын көбінесе ғылыми жағынан гөрі, жалпы сипаттамалық тұрғыдан қарастырған. Жалпы жоғарыда көрсетілген грамматикалық оқулықтарда көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздер жайлы жекелей тарау болмағаныме.н, олардың табиғатына қатысты деректер жоқ деуден аулақпыз.
Қазақ тіл білімінің қай саласында болсын өз ізін қалдырған тілші ғалым А. Байтұрсынов сөзімен айтқанда «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйінін түйгенінше айтуға жарау » [1]. Ендеше, тілдің маңызды міндеттерін атқару үшін халықтың өзіндік рухани тәжірибесінен туындайтын жетістіктер мен тарихи атамұра жазба ескерткіштер тілін жан-жақты зерттеу қажет.Олай болса Орхон-Енисей жазба ескерткіштер тілін қазіргі қазақ тілімен салыстырып қана қоймай, оны әрі қарай дамыту – маңызды міндеттердің бірі. А. Саади қазақ тіліне қатысты ойын : «Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол – қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек » деп бағалайды [2,б.18]. Осындай таза да бай тіліміздің бойындағы қасиеттері қаншалықты шұрайлы екендігін көрсету үшін тілдің тарихына жүгінеміз.Тілдің әрбір тарихи кезеңіндегі күйін білдіретін жазба материалдар тіл тарихының шежіресі және негізгісі болып саналады. Мәселен қазіргі қазақ тіліндегі бір шама шылау сөздердің архетиптері Орхон –Енисей жазба ескерткіштер тілінде кездеседі. Бұндағы айғақ – қазақтың ана тілі өзімен бірге туып, бірге өсіп, дамып келеді деген сөз. Жалпы зерттеу барысында қазіргі қазақ тіліндегі қолданылып жүрген кейбір шылаулардың тарихи таным өрісі кеңейген сайын бағзы бір күрделі немесе көмескі мәселеле рдің басы ашылып, толығып, өзіндік тілдік жүйеге еніп, меңгеріліп отырылады. Ендігі кезде, әсіресе көне мұралардың тілін зерттегенде «әрі тарт, бері тартқа салмай, өзінің қалпында, мұртын бұзбай, мызғытпай зерттеу керек.Олар қазіргі заман мамандарының өзіндік ой-эксперименттері үшін жазылған емес» деген орынды ескертпеге де үн қосуысыз қажет [3,б.30]. Зерттеу нысанын тілдің теориялық тұжырымдарымен негіздеу үшін де оларды құрылыс материалы есебінде қарамай, дайын тілдік құрал ретінде алып қарастыру ғылым теориясы принциптерінің бірі екендігін ескере кеткен жөн. Өз алдына бөлек категория болып қалыптаса бастаған көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің лексика – грамматикалық сипатын қазіргі қазақ тіл білімі даму дәрежесіндегі теориялық негіздермен тарзылаған уақытта, оның принциптік маңызы мен кумулятивтік қасиеті арта түспекші. Бұл ескертпелерді ескере отырып, атамұра жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің лексика-грамматикалық сипаттын қарастыру зерттеудің басты принципі болса, қазіргі қазақ тіліндегі шылаудың сөз табылық дәрежесімен салыстырып, қаншалықты ұқсас - ерекшеліктері бар екендігін айқындау – зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты. Бұл тек қана қазақ тіл тарихын танудағы мәселе емес, жекелеген түркі тілдеріне де ортақ нәрсе. Негізінен шылаулар категориялық болмыс ретінде түп қазығы (ауызекі сөйлеу тілін есептемегенде ) көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тілінен бастап қалыптасты десек артық айтқандық болмас. Мұны Орхон-Енисей, Талас жазба ескерткіштер тілінде қолданылған шылау сөздер құптай түсері хақ. Осы уақытқа дейін түбірінің мағынасын, жұрнағының және жалғауының қайсысы екенін айыра алмай келсек, енді оларды зерттеп, ғылыми баға беруді уақыттың өзі талап етіп отыр.
Шылаулардың дербес сөз табы болып қалыптасуына байланысты айтылған пікірлерге келетін болсақ, жалпы тіл білімі саласындағы көптеген лингвистикалық түсініктер тәрізді сөз табы туралы ұғым өзінің шығу төркінін көне антикалық дәуірден бастайды. Сөз табы жөніндегі алғашқы түсінік біздің дәуірге дейінгі 4 ғасыр шамасында есім сөздер мен етістіктерге қатысты қалыптасқан деген пікір бар [4,б.170]. С.Мұхтаров : «Үнділердің ұзақ мерзімдік тіл туралы толғамдарының нәтижесі біздің эрамызға дейінгі 4 ғасырда өмір сүрген Панинидің еңбегінде толық көрініс тапты.Ол еңбегінде санскриттің толық жүйесін бере отырып, алғаш рет сөз таптарын ажыратты. Кейінгі үнді ойшылдары Яска, Вапаруди, Катяанна, Патандыжалилер Панини салған ізбен жүрді. Бұлар тілдегі сөздерді негізінен төрт сөз табына ажыратты: есім (naman), етістік(akhyata), сөз алдына қойылатын көмекші сөздер (предлог - unasarga) және демеулік (частица – nipata ) » деп шылаулардың алғаш сөз табы болғандығынан түсінік береді [5,б.6]. Мұны Б. Базылханның алтайлық тектілердің дәуірлік долбарымен топшыласақ, «күрделі сөз дәуірінде» абстракт сөздер қалыптаса бастаған дегенімен тұспа-тұс келеді[6,б.11].Ал М.Оразовтың қазақ тілінің такрихи даму жолын үш дәуірге бөлгенімен есептесек, соның біріншісі «тарихқа дейінгі дәуірмен» немесе Н.А.Баскаковтың «Алтай дәуірімен » сәйкеседі [7,б.35]. Шылау сөз табы- даму барысында көптеген ғасырлар бойғы тілдік процестерді басынан кешірген туында тарихи категория . Олай дейтін себебіміз, қазіргі түркі тілдеріндегі кейбір шылау сөздердің құрамындағы аффикстер шығу тегі жағынан алғанда, сөздің түбірінен ажыратып алуға келмейтін дәрежеге жеткен де, түбірге сіңісіп бір тұтас бөлінбейтін бөлшек болып келеді. Осындай түбір мен қосымшаның жымдасуынан, яғни транспозициялық тәсілдің нәтижесінде шылаулар қалыптасқан. Тарихи шығу төркіні жағынан алып қарағанда, шылау сөздердің бәрі дерлік атауыш сөздерден, демек әуелдегі дербес мағыналы есімдерден, етістік формаларынан шыққан. Бұл процесс тілдің белгілі бір даму тарихында кейбір есім,етістік формаларынан бастапқы лексикалық мағыналары бірте-бірте қолданыста солғындап, әр алуан грамматикалық мағыналарға ие болуының нәтижесінде қалыптасады. Жалпы шылаулардың дамуында көне түркі, орта ғасыр, қазіргі түркі тілдеріне тін негізгі ортақтық – етістіктің көсемше формалары мен есімдерге тән формалар арқылы көнеленіп шылаулану процесіне өтуі. Содан барып, біртіндеп тіл дамуында өзінің қолданылу аясына байланысты шылау сөз табының құрамына енген. Бұл сөз табы ретінде түркі тілдерінде басқа сөз таптарынан кенже қалыптасқан. Олардың сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысы тілдің ғасырлар бойындағы тарихи даму барысында әр түрлі өзгерістерге ұшырап отырған. Бұдан жалпы сөз таптарының бірден пайда болмай, тілдің тарихи дамуы барысында біртіндеп жасалатындығын шылаулардың сөз табы ретінде қалыптасуынан – ақ айқын көруге болады. Осылайша дамудың, қалыптасудың барысында сөздердің топтары сараланып, грамматикалық тұрғыдан сөз таптарына бөлінеді. Олардың әрқайсысы өзіндік жалпы категориялық мағынаға ие. Себебі тіл - тілдегі әрбір сөздің белгілі бір мағынасы мен атауы болады. Сөздердің лексика – грамматикалық топтары бір – бірінен жалпы категориялық мағынасы мен белгілері жағынан ажыратылады. Шылау сөздердің лексикалық мағынасынан гөрі, грамматикалық мағынасы басым болатындығы тіл ғылымында айтылған пікір. Олар тек тіл-тілде алуан түрлі грамматикалық мағыналарды білдірудің тәсілі ретінде қолданылады.Бұл- оның басқа сөз таптарынан ерекшелінетін басты қасиет.Екінші бір қасиеті көмекші сөздер қатарына шылау сөздерден басқа көмекші есім, көмекші етістік және бейтарап сөздер жатады.Бірақ солардың ішінен жалпы категориялық мағынаны иеленген лексемелер тек шылау сөздер ғана.Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылауларды туыстас түркі тілдердегі шылулармен салыстырып қарағанда, оның ішінде тең жартысының астамы қазақ тілімен сәйкес келетіндігі байқалады.Кейбір аздаған фонетикалық ерекшеліктері болмаса, лексика- грамматикалық сипаты жағынан сабақтасады.
Қазақ әдеби тілін зерттеуші ғалымдар Ғ.Мұсабаев әдеби тіліміздің тарихын 2- ғасырдан бастауымыз керек деп дәлелдейді.[8,б.14].Қалай дегенмен де қазақ тілі тарихының тамыры ежелгі дәуірде жатқандығын аңғартады.Көне түркі руникалық жазбалардағы шылау сөздер саны жиырма шақты. Соның тең жартысы лексика - грамматикалық жағынан еш өзгеріссіз қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүр.
Шылаулану үрдісі- транспозиция тәсілі арқылы жүзеге асады.Ол ұзақ жылдар бойы сұрыпталып, лексика- грамматикалық және қолданылу аясы жағынан әбден өрістеп, ерекшеленіп қалыптасады. Олардың бастапқы лексикалық мағыналары көмескеленіп өздеріне тән дербестіктерінен айырылып, көмекші сөздер қатарына өтуіне грамматикалық абстракция тікелей әсер еткен. Сол себепті шылаулардың грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарынан әлдеқайда басым түсіп отырады.
Сонымен тіліміздегі сөз қазынамыз да бар біраз сөздер өзінің лексикалық мағынасынан гөрі граммитикалық мағынасынан басым болып сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасындағы қатынасты білдіру және қосымша мағына үстеу үшін жұмсалады.Осындай грамматикалық амал ретінде қызмет атқаратын лексемелер тобы түркі тілдеріне ортақ мұра руникалық жазба ескерткіштер тілінде категориялық мағынаны иеленетін шылау сөздер негізін қалаған.Тіл ғылымында ғалымдар тарапынан шылау жайында жалпы ұғым категориялық мағынаға ие болғанға дейін өзіндік болжамдар болды.Кейбір ғалымдар шылауларды арнайы сөз табына жатқызады.Ф.Буслаев, П.Давыдов, А.Потебня шылауларда өзіндік лексикалық мағынасы болмағанмен аффикстен ерекшеленетін белгілеріне және сөздерді топтастыру шарттылықтарына байланысты жеке сөз табы болу керектігін түсіндіреді.Шылауды жеке сөз табы ретінде қарау керек деген критерии А.Доблаштың еңбегінен кейін ғана іске асты деп қырғыз ғалымы А.Т.Карымшакова өз зерттеуінде атап көрсеткен болатын [9,б.192].
Жалпы шылаулардың кеңес туркологиясы кезеңінде жеке бір тарау ретінде қаралатындығы белгілі.Қазақ тіл білімінде «шылау » атауымен сөз табы есебінде А.Байтұрсыновтың «Тіл құралы» атты еңбегінен басталады.Мұнда шылау сөздер аффикс деп қаралмай, сөз таптары қатарында болған. Ы.Шақаманова өз зерттеуінде шылаулардың аффикске айналу қасиетінің барын жоққа шығара алмайтындығын айта кеткен [10,б.14]. Жалпы Орхон-Енисей және Талас жазба ескерткіштер тілімен қазіргі қазақ тілі аралығында 16 ғасырлық айырмашылығы болғанымен, екі тілде де бар шылауларды алып қарасақ, соншалықты алшақтық жоқ.
Кесте 1 Руникалық көне түркі ескерткіштер тіліндегі қазіргі қазақ тіліндегісімен салыстырылуы.
Көне т. тілі
|
үчун
|
тегі
|
сайу
|
өк/оқ
|
кісре
кідін
|
өтрі
|
Та/да
|
ба/му
|
Қазақ тілі
|
үшін
|
дейін
|
сайын
|
ақ
|
кейін
|
соң
|
Да/де
Та/те
|
ма/ме
па/пе
|
Көне т. тілі
|
ғу/гү
|
аша
|
че
|
тапа
|
түгүл
|
қына
|
Бірле
|
қоды
|
Қазақ тілі
|
ғой
қой
|
аса
|
шақты
|
таман
|
түгіл
|
ғана
қана
|
Бірге
|
бойы
|
20 ғасырдың 80- жылынан бастап шыға бастаған «Дала уалаяты» газеті беттерінде бірле, бірлән, білән және мынан формалары жарысып қолданылған.Сонымен қатар қазіргі қазақ тіліндегі мен/пен/бен қысқа формаларының негізі жасала басталған. Мысалы: Көптен бері мені қалап едім сеніңменен сөйлесуге, менің қымбатлы достум!(ДУГ). Мұнда көмектес септігі ілік жалғауынан соң тіркесіп жалғанған. Қазіргі қазақ тіліндегі ілік жалғауының соңғы – ң фонемасы элизияға ұшырап менімен, сенімен, онымен болып қолданылатыны белгілі.Тіл тарихында мұндай құбылысты сөз құрамындағы әр түрлі сырт жағдайларға байланысты пайда болған дыбыстар немесе сөз құрамында бұрыннан бар форманттар деп түсіндіріледі. Б.Әбілқасымов «Дала уалаяты» және «Түркістан уалаяты» газет тілдерінде менен және мен қысқа формалары сөзден бөлек қолданылғанын көрсетіп, бирлан, білән, илан формалары көбінесе ресми материалдар мен жеке авторлардың мақалаларында кездесетіндігін айтады[11,б.75]. Қазақ тлінде тілдік нормаларда көмектес септігінің жіңішке варианттарының көрсетілуі көне түркі тіліндегі бірле шылауының әсерінен болған емес. Оның жуан варианттары ауызекі тілде бар екендігі көпшілікке мәлім. Бұл жайлы деректер С.Омарбеков, Н.Жүнісов бірлесіп жазған ғылыми еңбекте беріледі[12,б.69]. С.Мырзабеков варианттықты ескерте отырып, жалғаудың тек бір вариантта ұшырауын сингармонизммен үйлеспейтіндгін тілге тиек етеді. Ғалым бұл форманың қазақ тілінде қалыптасуына байланысты өз ойын: «Көмектес септік- терінде жазу- сызу өріс ала бастаған кезде пайда болған жалғау. Көмектес септіктің жалғауы бірден жазуға килікті де, шылау кезіндегі жіңішке қалпынан ұзай алмай қалды» деп түйіндейді[13,б.78]. Осымен үндес пікірді А.Аманжолов та өз зерттеуінде айта кеткен[14,б.50].
Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі көмектес септікті меңгеретін бірле сөзі қазіргі түркі тілдеріндегі бірге, бирга, берабер, биле сөздері сияқты шылау қызметінде болған.Қазіргі қазақ тілінде бірге сөзі көне түркі тілдіндегідей көмектес септікті меңгертеді. Сол себептен бірле тұлғасын бірге септеулік шылауы деп қараймыз. Орхон-Енисей жазба ескерткіштер тіліндегі шылаулар қатарына қосып жүрген кейбір шылау емес сөздер жайлы Ғ.Айдаров «Служебные части речи в языке надписей орхонских памятников»деген мақаласында олардың зерттелуі жайлы қысқаша тоқталып әлі де зерттеу қажеттігін айтқан.Осы мақаласында «Ара» сөзін септеулік шылау деп берген және йалуыңус, йана сөздерін демеуліктер қатарына жатқызған[15,б.148-153]. «Ара» сөзі көне мәтінде көбінесе ілік жалғаулы «екін» сан есімімен тіркесіп келеді.Сонымен ол аталмыш тұлға ескерткіштер тілінде оғуз ара- оғуз арасынан, шад ара – уәзір арасынан сияқты есім сөздермен тіркесіп келеді де мекен мағынасындағы зат есім болып, үстеу қызметінде қолданылған.
Көне түркі жазбаларындағы шылау сөздердің жасалуына көсемше формалары негіз болған.Сонымен қатар есім сөздерден шылау жасайтын басқа формалар да жоқ емес. Көсемше формаларына келетін болсақ, жалғанған сөздер бастапқыда қимыл атаулы етістікке тән іс-әрекетті білдіреді. Кейіннен өзінің алғашқы мағынасы мен функциясынан алшақтап, шылауларға тән мағынаның белгісін, сипатын білдре бастаған. Бұған себеп, аталмыш тұлғаның активті түрде екі жақты қызметке ие болып бейімделуінен. Көне жазба тілінде кейбір сөздер көсемше формаларында тұрып, бірде үстеуге тән, бірде шылауға тән функцияда жұмсалады. Кейіннен сол сөздер бір жақтылыққа ығысып, яғни басқа қызметінен алшақтап толығымен шылаулардың қатарына өткен. Тарихи тұрғыдан алып қарағанда, шылаулардың барлығы дерлік әуел баста басқа мағынадағы бүтін бөлшектер болып келеді. Оларға белгілі бір тілдің даму кезеңінде қосымшалар жалғану арқылы жаңа мағынадағы туынды тұлғалар жасалынған. Біздің зерттеп қарастыратынымыз осы туынды тұлғалардың ішіндегі шылау сөздер болмақ. Оның аса ежелгі дәуірде өмір сүрген фонетикалық семаларын мәні мен қызметі жуық, ұсақ семалармен салыстырып зерттеу мақсат етілмейді. Көне түбір мен көне қосымшаның аражігін ашып түсіндірудің өзі қиынға соғады. Сонымен қатар тіл білімінде олардың қандай түбір сөзден болғандығы жайлы көзқарас әр түрлі. Тіпті түбір түгіл қосымшалардың өзінажыратып алуда да әр түрлі болжамдар айтылып келеді. Қазақ тіліндегі сөздердің этимологиясын зерттеуші Б.Сағындықұлы: «Тіл тарихы зерттелмейінше оның даму, өзгеру, қалыптасузаңдылықтары ашылмайды, жүйе құрылымы да, бай мазмұны да сан- салалы әлеуметтік, қоғамдық қызметі де өз дәрежесінде танылмайды» дейді[15,б.3]. Ғалым тіл тарихын зерттеу арқылы бүгінгі тілдің күй – қалпынан мәлімет бере алатындығына мезгейді. Ж.Вандриес: «Ни одно слово не стоит одиноко в сознаний говоряшего.Наоборот, мы всегда стремимся группировать слова, открывать новые соединяющее их связи.Слово всегда ассоцируется с каким- либо жестом слов , через свою семантему или морфему или даже через своей фонемой» деп сөздердің қандай да болсын элементі арқылы этимологиясын анықтауға болатындығын айтуға болады [16,б.172].Жалпы көне түркі руникалық жазба ескерткіштері тіліндегі қолданылған шылау сөздердің морфологиялық құрылымын зерттеуші ғалымдар екі негізіне алып қарастарыды. Оның бірі – етістіктен жасалынған шылаулар, яғни етістік негізді шылау сөздері де, екіншісі есім сөздерден пайда болған шылаулар делінеді. (А.Кононов [17,б.200], А.М.Щербак [18,б.58], В.М.Насилов [19,б.41], А.Д.Шукюров [20,б.249]). Бұл шылаулардың шығу тегіне, тарихи морфологиялық құрамына қатысты пікірлеріндегі бір ерекшелік болып саналады. Тіл ғылымында екінші бір көзқарас шылаулардың пайда болуын анатомиялық атаулармен де байланыстырады. Мәселен, қазақ тіл білімінде шылаулардың этимологиясына байланысты пікір білдірген ғалымдарымыздың бірі М.Балақаев «Қазақ тілі грамматикасының мәселелері» деген зерттеу еңбегінде шылаулардың шығу тегін осы қырынан алып қарастырады. Ғалым: «тегінде шылау сөздер ерте кездегі толық мағыналы сөздердің олқы мағыналы не мағынасыз сөздерге айналуын екінші басқышы екендігін айқын көрсетеді» дейді[16,б.4]. Ары қарай Н.Маррдың осы күнгі шылау сөздердің көбі ерте кезде кісінің қолы, аузы, көзі, қасы, басы, арқасы, асқазаны сияқты адам мүшелерінің аттары болған деген пікірі барын айтып, «тарихи құрылысы жағынан ондай шылау сөздердің кейбір бастапқы сөзден онша өзгере қоймаса, кейбірі көптеген өзгеріске ұшырап, бұрынғы сөзінен мүлдм қашықтап кеткен» деген тұжырым жасайды. Жалпы түркі тілдеріне ортақ шылаулардың этимологиясын зерттеу 17 ғасырдан басталса да, ғалымдардың болжамдары бірізділік таныта алмай келеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Байтұрсынов А.Ақ жол/А.Байтұрсынов.–Алматы:Жалын,1991.-493б.
Саади А.Тіл, әдебиет, язу әм олардың өсулері/А.Саади.-
Қазан:Татгосизд,1926.-127б.
Жұбанов А.Қ., Куманша - қазақша жиілік сөздік / А.Қ.Жұбанов.,
А.Қ.,Құрышжанов. А.Қ., А.Б.Белботаев. – Алматы:Қаз.ССР ҒА – Тіл
білімі институты,1978. – 277б.
Тронский И.М. Учение о частях речи у Аристотеля/ И.М.Тронский. –
Уч.зап.ЛГУ,1941. - 174c.
Мұхтаров С.С. Қазақ тілі біліміндегі сөз таптастыру териясының
қалыптасуы/ С.С.Мұхтаров. – Алматы: 1999.- 30б.
Базылхан Б.Алтай төркіндес тілдердің ортақтығы туралы
мәселе/Б.Базылхан //Алматы: ҚР ҒМ – ҒА хабарлары, тіл әдебиет
сериясы. - 1996.-№2. – 32-35б.
Оразов М.Қазақ тіл тарихын дәуірлеу мәселесі/М.Оразов // Алматы: ҚР
ҒМ – ҒА хабарлары, тіл әдебиет сериясы. - 1996.-№4. – 23-22б.
Нұрмаханова Ә.Н.Түркі тілдерінің салыстырмалы
грамматикасы/Ә.Н.Нұрмахнова. – Алматы:Мектеп,1971.-290б.
Карымшакова А.Т.Семантико – грамматические функции частиц в
киргизском языке/А.Т. Карымшакова. – Бишкек:Дис.канд.фолол.н. –
1992.- 192с.
Шақаман Ы.Б. Қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың мағыналық
құрамы.Филол.ғ.канд.дис. авторефераты/Ы.Б.Шақаман.–Алматы:1997.-
26б.
Әбілқасымов Б.Дала уәлаяты газет тіліндегі грамматикалық
ерекшеліктері/Б.Әбілқасымов. Алматы: ҚР ҒА хабарлары , қоғам
ғыл.сериясы.1964. - №4.
Омарбеков.С.Ауызекі тілдердің дыбыс жүйесі/С.Омарбеков., Н.Жүнісов.-
Алматы:Мектеп,1985.-69б.
Мырзабеков С.Қазақ тілінің фонетикасы/С.Мырзабеков. –
Алматы:КазГУ,1993. – 136б.
Аманжолов А.Глагольное управление в языке древнетюрских
памятников/А.Аманжолов. – М:Наука,1969. – 104б.
Айдаров Г.Служебные части речи в языке надписей Орхонских
памятников. Исследование по тюркологии/Г.Айдаров. – Алматы: Наука
Каз.ССР,1969. – 296б.
Балақаев М.Б. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері/
М.Б.Балақаев. – Алматы:Қазақ мемлекеттік баспасы, 1941. –32б.
Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексика дамуының этимологиялық негіздері/
Б.Сағындықұлы. – Алматы:Санат,1994.- 172б.
Орысша – қазақша сөздік:Алматы:Инст.языкознсния АН Каз.ССР, 1981.-
2том.585б.
Щербак А.М.Очерки по сравнительной морфологии тюркских
языков/А.М.Щербак. – Л:Наука,1987. –104с.
Насилов В. Язык Орхон – Енисейских памятников/В.Насилов. – М:Изд-во
вост.лит.,1960. – 87с.
Шукюров А.Д. К этимологизации первообразных послелогов в тюркских
языках/А.Д.Шукюров. –Алматы:1990.- 249с.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі.Морфология/А.Ысқақов. – Алматы : Ана
тілі, 1991. – 382б.
Шерер В.Э. Классификация кетскиз послелогов/В.Э.Шерер. –
Новосибирск:1986. –88с.
Ертаев К.Е. Лингвистический статус послелогов в трудах
В.В.Радлова.Автореферат./К.Е.Ертаев.- Алматы: 1992.- 24с.
Теория части речи.Теория и типология –М: Наука,1990. – 268с.
Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературного
языка/А.Н. Кононов. – М-Л: Изд – во АН ССР, 1960. – 446с.
Рамстедт Г.И.Введение в Алтайское языкознание/Г.И.Рамстедт. – М: Изд
– во иност.лит, 1957. – 254с.
Котвич В. Исследование по алтайским языкам/ В.Котвич. - М: Изд – во
иност.лит, 1962. – 371с.
Сравнительно – историческое грамматика тюрских языков. М.: Наука,
1988. – 264с.
Базылхан Б. Қазақ және моңғол тілдерінің грамматикасынан
салыстырмалы қысқаша белгілер. Улан – Батыр: 1984.№ 1,807– 886с.
Базылхан Б. Қазақша – моңғолша сөздік.Улан – Батыр:МХР ҒА – Тіл мен
әдебиет институты, 1977. – 392б.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер/Қ.Жұбанов. –
Алматы:Ғылым, 1966. – 362б.
Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты/
С.М.Исаев. – Алматы:Рауан, 1998. – 52б.
Қалыбаева А.Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі/А.Қалыбаева,
Н.Оралбаева. – Алматы: Ғалым, 1986. – 190б.
Шақаманова Ы.Б.Шылаулардың дамуы және зерттелу тарихы.Қазіргі
қазақ тілі теориясы мен оны оқыту әдістемесінің
мәселелері/Ы.Б.Шақаманова. – Алматы:АГУ, 1995. – 84б.
Соболевский С.И.Древне – гречский язык/C.И.Соболевский. – М:Изд –во
лит. на иност.яз, 1948. – 614с.
Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских
языков/А.М.Щербак. – Л:Наука, 1987. – 104с.
Кондратьев В.Г. Грамматический строй языка памятников
древнетюркской письменности 8-11вв./В.Г.Кондратьев. – Л:Из – во ЛГУ,
1981. – 190с.
Томанов М.Қазақ тілінің тарихи грамматикасы/М.Томанов. – Алматы:
Мектеп, 1988. – 264б.
Әміров Р.Қазақ тіліндегі жалғаулықтар/Р.Әміров. – Алматы:Қаз.мет. оқу
пед.баспасы, 1959. – 70б.
Иманалиева Г.Қазіргі қазақ тіліндегі шылаулардың синтаксисі/
Г.Иманалиева. – Алматы:1994. – 151б.
Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі/Е.Ағманов. – Алматы:
Рауан, 1991. – 238б.
Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселесі/ Т.Қордабаев. – Алматы: Ғылым,
1964. – 244б.
Кенжебаева Ф.Қазіргі қазақ тіліндегі септеуліктер мен демеуліктер/
Ф.Кенжебаева. – Алматы: 1964. – 200б.
Аманжолов С.Қазақ әдебиеті тілі синтаксисінің қысқаша
курсы/С.Аманжолов. – Алматы:Санат, 1994. – 320б.
Молгаждаров Қ.К.Шылау сөз табының қалыптасу
тарихы/ Қ.К.Молгаждаров. – Көкшетау:2002. – 135б.
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР
КТк. - Күлтегін кіші жазу ескерткіші
КТү. - Күлтегін үлкен жазу ескерткіші
Тон. - Тонйұқұқ ескерткіші
БҚ - Білге қаған ескерткіші
МЧ - Мойын Чор ескерткіші
КЧ - Күллі Чор ескерткіші
ЫБ - Ырық бітік ескерткіші
ТУГ - Түркістан уәлаяты газеті
ДУГ - Дала уәлаяты газеті
Достарыңызбен бөлісу: |