КонспековаТілекші Азербаевна
Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
Теректі мектеп-балабақшасының
информатика пәнінің мұғалімі
Класс: 6
Тақырыбы: Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіру
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру жайлы мәліметтер беру. Құжатқа суреттер енгізу әдіс-тәсілдерін үйрету,көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Құжаттарды безендіруге, әртүрлі суреттерді енгізу түрлерін білу қажет.
Тәрбиелік: жылдамдыққа, сауаттылыққа, әр сабақта ҚЕ сақтауға, техникалық құралдарды сақтауға тәрбелеу.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, өз бетімен жұмыс, жеке жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, суреттер, карточкалар, электронды оқулық. MS Office программалары.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, сурет, математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Саламатсыздарма? Сыныпты түгендеу.
Сабақты бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесін айтып шығамыз. Әрқайсысың бір ережеден айтып кетесіңдер, қайталанбауы тиіс.
2. «Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Жаттығу барысы
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
«Теңіздегі шабуыл» ойыны
А1: MS WORD қандай программа?
А2: MS WORD редакторын қалай іске қосамыз?
А3: Жаңа құжатты қай менюдің көмегімен ашамыз?
А4: Құжатқа кестені қалай орнатамыз?
Б1: батырмасының қызметі?
Б2: батырмасының қызметі?
Б3: батырмасының қызметі?
Б4: батырмасының қызметі?
В1: батырмасының қызметі?
В2: батырмасының қызметі?
В3: Мәтінді енгізгенде ENTER пернесін қай кезде басу керек
В4: Бас әріп салу үшін қай пернені басулы күйде ұстап тұрамыз?
Г1: Бас әріптер режимін қосатын перне қалай аталады?
Г2: информатикалық жұмбақ
Г3: информатикалық жұмбақ
Г4: информатикалық жұмбақ
ІІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе
1.Мәтіндік процессор? – WORD
2. Септік жалғауы? – тың
3. Ағылшынша ‘’grapho’’ сөзінің қазақша, орысша аудармасы қандай? – графика
4. Сын есім тудыратын жұрнақ? – лық
5. “Возможности”- сөзінің қазақша аудармасы қандай? – мүмкіндіктер
Осы сөздерден «Word-тың графикалық мүмкіндіктері» деген сөйлем бүгінгі тақырыбымыз ашылады.
ІV. Жаңа сабақ
Енді біз бүгінгі сабақта мәтіндік құжатқа графикалық мүмкіндіктерін енгізу жолдарын қарастырамыз.. Мәтіндік құжатта тек мәтін енгізіп қана емес оған әртүрлі суреттерді кірістіріп те, безендіру үшін фигуралық мәтін енгізіп те жұмыс жасауға болады.
Графикалық кескіндерді немесе суреттерді дайын суреттер кітапханасынан қоюға немесе өздерің білетін графиктік редакторларда дайындап алып, оны мәтіндік құжаттарыңа кірістіруге де болады.
Дайын сурет қорынан сурет кірістіру жолдары:
Мәтіннің сурет кірістіретін жеріне курсорды орналастырасыңдар.
Вставка-Рисунок-Картинки командасын орындайсыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |