БЕЛУГИНА –
Тасқала ауданыдағы елді мекен.
БЕРГІСАЙ –
Казталовка ауданындағы гидроним.
БЕРЕЗИНО –
Казталовка ауданындағы елді мекен.
БЕРЕЗОВКА –
Бөрлі ауданындағы елді мекен.
БЕРІШ АУЫЛЫ –
Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Беріш руына байланысты
қойылған генотопоним.
БЕСАҒАШ –
Бөрлі, Ақжайық аудандарындағы елді мекендер. Сан есімдердің
философиялық және социологиялық проблемалары ғылымының басқа салаларымен
байланысты ғалымдар назарын үнемі аударып келеді. Сан категориясының жалқы есімдермен
байланысы – лингвистикалық та,этнографиялық та мәні зор проблема.
БЕСАУЫЛ –
Ақжайық ауданындағы елді мекен. Топоним құрамындағы
бес
сөзі санды
емес,ауылдың шағын екендігін көрсетіп тұр.
БЕСГОРТА –
Казталовка ауданындағы елді мекен. Орыс тілінен енген «гурта» сөзінің
қатысымен жасалған гибридті топоним.
БЕСКАШАР –
Казталовка ауданындағы елді мекен.
БЕСКӨЛ –
Бөкей ордасы ауданындағы гидроним.
БЕСКҮТІР –
Ақжайық ауданындағы елді мекен.
Бесауыл
топониміне ұқсас.
БЕСҚАЛМАҚ –
Жаңақала ауданындағы елді мекен. Облыс территориясын қалмақтар
мен қазақтардың расындағы күрделі қарым-қатынастың кейбір белгілерін сипаттай алатын,
қалмақ сөзінің қатысымен жаслаған топонимдер бар.
ХVІ-XVII ғасыр арасында Жоңғар хандығы нығайып, жаңа жерлерді басып ала бастады.
Ойраттардың торғауыт князы ХО-урлюк 40 мың үймен XVII ғасырдың 20-жылдары Сібірдің
оңтүстік шекараларына жетіп, 30-жылдары Оралдан өтіп, Еділ өзенінің сағасына қалмақ
хандығын құрады. Қалмақтардың қазақ хандықтарымен көршіліес орналасып, соның
нәтижесінде соңғысының тыныштығының бұзылып отыруына, яғни қазақ даласының
қалмақтар тарапынан дүркін-дүркін шапқыншылыққа ұшырап отыруына патшалық Ресей
мемлекеті ерекше мүдделі болды. Қалмақтардың астына тезірек кіреді деп есептеді.
Достарыңызбен бөлісу: |