ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


ЕШКІТАУ  – Тасқала ауданындағы ороним.  ЕШКІ –



Pdf көрінісі
бет175/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

ЕШКІТАУ 
– Тасқала ауданындағы ороним. 
ЕШКІ –
Жаңақала, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.
 
ЕФИМ 
– Жаңақала ауданындағы елді мекен. 
 
Ж 
ЖАБУ 
- Қаратөбе ауданындағы елді мекен. 
ЖАБАЙКИН 
- Сырым ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған. 
ЖАҒА 
- Жәнібек ауданындағы елді мекен. 
ЖАЙЛАУ - 
Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. 
Жайлау 
- қазақ топономиясында 
жиі кездесетін детерминатив. Бірақ бұл сөз Батыс Қазақстан облысы топожүйесінде басқа 
аймақтағыдай актив қызмет атқармайды. Таулы жерлердегідей емес, облыс мал 
шаруашылығында алыс жайлауды пайдалану кездеспейді. 
ЖАЙМА 
- Қаратөбе ауданындағы гидроним. Жайылып ағатын су. 
ЖАЙЫҚ -
Ресейдің Челябы, Орынбор облыстары мен Қазақстанның Батыс Қазақстан, 
Атырау облыстары арқылы ағып, Каспий теңізіне құятын қазақ даласындағы ірі өзендердің 
бірінің атауы. 
Жайық
гидронимі - көнеден жеткен баға жетпес тілдік мұра. 
ЖАЙЫҚ
 
өзені туралы көне деректер грек саяхатшысы Клаудий Птоломейдің, араб 
саяхатшысы Ахмед ибн Фадланның еңбектерінде келтірілген. К.Птоломей өзінің Орта Азияға 
жасаған саяхатының негізінде құрастырған картасына Жайық өзенін енгізген. Жайық өзені 
туралы Ахмед ибн Фадланның еңбегінде толымдырақ беріледі. Ол өзінің еңбегінде бұл туралы 
былай дейді: «.Потом мы прибыли к печенегам. Они стояли у воды, напоминающей настоящее 
море (Бұл Щалқар көлі болса керек- Ұ.Р). У печенегов мы стояли один день. Потом 
отправились в путь и сделали остановку у реки 
Джайх. 
Это самая большая река, которую мы видели, и она с самым быстрым течением. И 
действительно, я видел, как перевернулся дорожный мешок при переправе, и люди потонули. И 
вообще, при переправе через нее мы потеряли много людей, верблюдов и лощадей. Мы 
переправились через Джайх с большим трудом. Через много дней пути нам пришлось 
переправляться через реку Джаха». Осы жолжазбада келтірілген 
Джаха
өзенін 
Шаған
өзені 
деп ұққан дұрыс. Оны А.Фадлан еңбегіне түсініктеме берген акад. И.Ю.Крачковскийдің дерегі 
арқылы да пысықтай түсуге болады. 
1245-1247 жылдар арасында француз монахы Плано Карпини Рим папасының 
тапсырмасымен Моңғолияға сапар шегеді. Осы сапарының нәтижесінде ол өзінің «История 
монголов» деген еңбегін жазады. Өз еңбекте «Ехали мы через всю страну куманов, 
представляющую собой сплошную равнину и имеющую четыре большие реки: первую Нипер 
(Днепр), вторую Дон, Третью Волгу, эта река очень велика, четвертая называется Яик» деп 
көрсетеді. Осы деректерге сүйенсек, Жайық өзені саяхатшылар мен жүргіншілерге 
Джаха- 
Яик- Джайк 
секілді көне атаулармен белгілі болған. Бұл атаулар бүгінгі Жайық гидронимінің 
қалыптасуына да себепші болған. 


113 
Жайық
атауының этимологиясы төңірегінде де қалыптасқан бірнеше пікірлер бар. 
О.М.Коволовскийдің «Монголо- русско- французский словарь» деген сөздігінде «
Яй
немесе 
Джай
»- «орын, кеңістік» деп, ал 
ийк
- «ерекше ескі қорған» деген түсінік беріледі. 
А.С.Пушкиннің «Пугачев тарихынан», Э.И.Герасимованың «Уральск» деген еңбектерінде 
Жайық 
гидронимі «жайлы орын» деген түсінікке байланысты қалыптасқан деген пікірлер 
келтіріледі. Бұл пікірлердің барлығы осы өзеннің бойына ХVII ғасырдың басында келіп 
қоныстанған Жайық казак орыстарының мүддесімен астарласып жатыр. 
Жайық
- түркі тіліндегі сөз. Ендеше, мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы 
үшін сонасы мен масасы, бөгелегі мол өзен ешқашан жайлы болып саналмаған. Өзен атауының 
этимологиясы төңірегінде Ә.Әбдірахманов айтқан пікір назар аударарлық. Ол 
Жайық
топонимінің көне формасы жазық болу керек, 
жазық
пен 
жайық
деген сөздері мағыналық 
жағынан да синонимдес деп есептейді. Шынында да, 
жайық
сөзінің су жайылатын алқапқа 
байланысты қолданылатынын, 
жазық // жайық 
сөздері бір гомогенді (негіздес) түбірден пайда 
болғандығын ескерсек гидронимнің пайда болу жолын анықтау қиыншылық тудырмайды. 
Ендеше, 
Жайық 
атауы 
жай, жаю, жайылу
етістігіне 
– ық
жұрнағының жалғануы қалыптасқан. 
Жайық
атауы 1775 жылға дейін қолданып келді де, ІІ Екатерина патшаның жарлығы 
бойынша, Пугачев көтерілісін халық ойынан мүлдем алыстату мақсатымен 
Жайық 
өзені Орал, 
ал оның жағасындағы көтерілістің бесігі саналған 
Жайық 
қалашығы Уральск болып өзгертілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет