111
ЕКПІНДІ
– Шыңғырлау ауданындағы елді мекен. Кеңес дәуіріндегі жасанды топоним.
ЕЛАМАН
– Казталовқа ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
ЕЛДАСПАЙ
– Сырым ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
ЕЛЕК
– Жайық өзенінің саласы.
Елек
гидронимінің қалыптасуы төңірегінде талас
пікірлер көп. Е.Қойшыбаевтың сөздігінде Елек гидронимі «түркі тіліндегі
йел – жел
тұлғасына
сын есімнің
– ек
жұрнағын жалғау арқылы жасалған» деп көрсетіледі. Ал А.К Матвеевтің бұл
сөзді башқұрттың
елік – косуля
сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Белгілі топонимист – ғалым
Ә.Әбдірахманов Геродоттың еңбегінде
«Илек»
болса керек деп топшылайды. Илек атауында И
сөзі
«ылғал», «су»
мағынасын береді. Соның негізінде, оған
– лек
қосымшасы жалғану арқылы
Илек (Елек)
гидронимі қалыптасқан деген жорамал шындыққа келді.
ЕЛЕКСАЙ
– Шыңғырлау ауданындағы гидроним.
Достарыңызбен бөлісу: