ЖӘШІТАЛ - Сырым ауданындағы елді мекен.
ЖЕЗБҰҒА - Теректі ауданындағы елді мекен.
ЖЕЗКИІК - Шыңғырлау ауданындағы елді мекен.
ЖЕЛАЕВО - Зеленов ауданындағы елді мекен мен теміржол бекеті.
ЖЕЛҚАЛАҚ - Қаратөбе ауданындағы елді мекен.
ЖЕЛЕЗНОВ - Зеленов ауданындағы елді мекен.
ЖЕМІСТІ - Казталовка ауданындағы елді мекен.
ЖЕМШІН - Тасқала ауданындағы елді мекен.
ЖЕТІКӨЛ - Сырым ауданындағы көл мен кеңшар орталығы. Топонимдер мен
гидронимдер құрамында келетін жеті сөзі екі түрлі ұғымда берілуі мүмкін: 1) киелі жерді
сипаттау үшін киелі
жеті саны қолданылады; 2) көптік ұғымды білдіру үшін қолдану. Сырым
ауданындағы
Жетікөл көлі көптеген шағын көлдер мен көлмектердің жиынтығынан тұрады.
Демек, аталмыш гидронимнің құрамындағы
жеті саны- абстрактылы түрдегі көптік мағынаны
беру үшін қолданылып тұрған сан есім.
ЖЕТІҚЫЗ - Жаңақала ауданындағы елді мекен.
ЖЕТІМСАЙ - Шыңғырлау ауданындағы гидроним.
ЖЕТІСАЙ – Жәнібек ауданындағы гидроним.
ЖЕТІСКІРТ - Казталовка ауданындағы елді мекен.
ЖИЕНКӨЛ - Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен.
ЖИЕНҚҰМ - Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен.
ЖИРЕНТАЙ - Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен.
ЖОЛАП - Ақжайық ауданындағы елді мекен.
116
ЖОЛҚҰДЫҚ - Жаңақала, Қаратөбе аудандарындағы елді мекендер.
Құдық- шөл
даланың негізгі белгілерінің бірі. Қазақтар құдықты ерекше қастерлеп, таза ұстауға тырысқан.
Жол бойында құдық сирек қазылады. Ондай құдықтар таза болмайды деп есептелген.