ЖОЛҚЫЗЫЛ
- Жаңақала, Бөкей ордасы аудандарындағы елді мекендер.
ЖОРТА
- Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.
ЖОСАЛЫ
- Сырым ауданындағы кеңшар орталығы. Жосалы атауы жоса өсімдігінің
атауының негізінде қалыптасқан фитотопоним. Жоса-түсі қызғылт сары болып келетін, бояу
ретінде пайдалануға болатын, көне замандардың өзінде косметикалық бояу ретінде
қолданылған шөп.
ЖУАЛЫ
- Шыңғырлау ауданындағы елді мекен. Жуа өсімдігінің атауынан қалыптасқан
фитотопоним.
ЖУАЛЫОЙ
- Шыңғырлау, Жаңақала аудандарындағы елді мекендер.
ЖУСАНДЫОЙ
- Қаратөбе ауданындағы елді мекен.
Жусан
атауының қатысымен
жасалған фитотопоним.
ЖҰБАНЫШ
- Теректі ауданындағы елді мекен.
ЖҰБАНЫШКӨЛ
– Казталовка ауданындағы елді мекен.
ЖҰБАТ
- Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.
ЖҰБАЙ
- Сырым ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотоним.
ЖҰМАШ
- Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотоним.
ЖҰЛДЫЗ
- Казталовка, бұрынғы Жақпақтал ауданындағы елді мекен.
ЖҰМАЛЫ
- Тасқала ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антротопоним.
ЖҰМЫР
- Қазталов ауданындағы елді мекен.
ЖҰМБАҚКӨЛ
- Шыңғырлау және Қаратөбе аудандары торриториясын алып жатқан
Аққұмдағы көл атауы. Ел арасында аңызға сүйенсек, Жұмбақкөл бірде жарқырап көрініп
жатса, бірде жоқ болып кетеді екен.Гидроним атауы көлдің осы қасиетіне байланысты
қалыптасқан.
ЖҮЗБАЙ
- Сырым ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антротопоним.
ЖҮЗБАТЫР
- Қаратөбе ауданындағы елді мекен, антротопоним.
Жүзбатыр-
осы өңірді
мекендеген батыр.
Достарыңызбен бөлісу: |