120
КӨПЖАСАР
– Сырым ауданындағы елді мекен. Ру атына байланысты қалыптасқан
генетопоним.
КӨПІР
- Казталовка, бұрынғы ауданындағы елді мекен.
КӨШЕРБАЙТӨБЕ
- Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты
қойылған антротопоним.
КӨШІМ
- Зеленов, Ақжайық, Жаңақала аудандары жерімен ағатын өзен атауы. Сібір
хандығының соңғы билеушісі Көшім ханның атына қайылған гидроним. ХІV-ХVII ғасырларда
Алтын Орданың құрамынан бөлініп шыққан Ноғай Ордасы, Сібір хандықтары біржола
ыдырағаннан кейін, осы мемлекеттердің құрамындағы қазақ рулары қазіргі қоныстанған
жерлерінде өз хандықтарын құра бастайды. Хақназар хан қазақ хандығының құрамына
Жайықтың сол жағасындағы жерлерді, ноғай ұлыстарының біраз жерін қосып алады. Көшім
ханға қарсы тұру үшін өзбек ханы Абдаллахпен одақтаса отырып, Хақназар хан бұрын
айрылып қалған Түркістан мен Сауран қалаларын қайырып алады. Оңтүстіктен Хақназар
ханнан, батыстан Ермактан қысымшылық көрген Көшім хан өмірінің соңғы кезінде Ноғай
Ордасын паналаған деген деректер бар. Көшім өзенінің атауы осы деректерді растайды.
Көшім өзенінің суы жоғарыдағы аудандардың жерін суландыру үшін пайдаланылады.
Ақжайық, Жаңақала аудандарында бұл өзенді
Қабыршақты
деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: