ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет195/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

ҚАРАБАРАҚ – 
Теректі ауданындағы елді мекен, фитотопоним. 
Қарабарақ- 
алаботоның бір түрі, ештемеге пайдасыз арам шөптің бірі. 
ҚАРАБАС 
– Теректі ауданындағы елді мекен. 
ҚАРАБӨГЕТ 
– Қалдығайты өзенінің бір бөлігі. Гидронимнің құрамындағы 
қара
сөзі 
өзеннің жер асты суларынан нәр алатындығын әрі терең екендігін білдіреді. Мұндай атаулар 
Қалдығайты бассейнінде кездесіп отырады. Мысалы, 
Қарасу, Қарабөгет, Қаратерең

Қарабек–Казталовка,бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен. Адам атына 
байланысты қойылған антропотопоним. 
ҚАРАБЕК
– Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен. Адам атына 
байланысты қойылған антропотопоним. 
ҚАРАБӨЛЕК 
– Сырым ауданындағы елді мекен. 
Бөлек,бөлте 
сөздері облыс 
топонимдерінде жиі ұшыраспайды. Бұл детерминативтер жерөңдеумен айналысқан отырықшы 
халық мекендеген аймақта көбірек қолданылып отырған. 
Бөлек 
сөзі ұлттық топожүйеге қазақ 
жерлерін территориялық-әкімшілік шекараларға бөлуге байланысты енген. 
ҚАРАБӨЛТЕК
– Ақжайық бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. 
Қараңыз:
Қарабөлек
ҚАРАБАЛЫҚ – 
Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Топоним Қалдығайты өзенінде көп 
кездесетін, жергілікті халық оны аулауды кәсіп қылған 
қарабалық (линь)
атауына қатысты 
қалыптасқан.
ҚАРАБҰЛАҚ
Қаратөбе, Шыңғырлау аудандарындағы гидроним және елді мекен. 
Қарабұлақ
атауын 
Қарасу
гидронимімен бірдей дәрежеде алуға болады. Бұл топонимдердің 
құрамындағы қара сөзі «жер асты суы» ұғымымен тікелей байланысты.
ҚАРАЖАЙЫҚ
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы гидроним. Гидронимнің 
құрамындағы 
қара
атауы «ескі арна» ұғымын беріп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет