ҚАРАБАРАҚ –
Теректі ауданындағы елді мекен, фитотопоним.
Қарабарақ-
алаботоның бір түрі, ештемеге пайдасыз арам шөптің бірі.
ҚАРАБАС
– Теректі ауданындағы елді мекен.
ҚАРАБӨГЕТ
– Қалдығайты өзенінің бір бөлігі. Гидронимнің құрамындағы
қара
сөзі
өзеннің жер асты суларынан нәр алатындығын әрі терең екендігін білдіреді. Мұндай атаулар
Қалдығайты бассейнінде кездесіп отырады. Мысалы,
Қарасу, Қарабөгет, Қаратерең
.
Қарабек–Казталовка,бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен. Адам атына
байланысты қойылған антропотопоним.
ҚАРАБЕК
– Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен. Адам атына
байланысты қойылған антропотопоним.
ҚАРАБӨЛЕК
– Сырым ауданындағы елді мекен.
Бөлек,бөлте
сөздері облыс
топонимдерінде жиі ұшыраспайды. Бұл детерминативтер жерөңдеумен айналысқан отырықшы
халық мекендеген аймақта көбірек қолданылып отырған.
Бөлек
сөзі ұлттық топожүйеге қазақ
жерлерін территориялық-әкімшілік шекараларға бөлуге байланысты енген.
ҚАРАБӨЛТЕК
– Ақжайық бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.
Қараңыз:
Қарабөлек
ҚАРАБАЛЫҚ –
Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Топоним Қалдығайты өзенінде көп
кездесетін, жергілікті халық оны аулауды кәсіп қылған
қарабалық (линь)
атауына қатысты
қалыптасқан.
ҚАРАБҰЛАҚ
– Қаратөбе, Шыңғырлау аудандарындағы гидроним және елді мекен.
Қарабұлақ
атауын
Қарасу
гидронимімен бірдей дәрежеде алуға болады. Бұл топонимдердің
құрамындағы қара сөзі «жер асты суы» ұғымымен тікелей байланысты.
ҚАРАЖАЙЫҚ
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы гидроним. Гидронимнің
құрамындағы
қара
атауы «ескі арна» ұғымын беріп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |