ҚАНДЫҚ
– Теректі, бұрынғы Ақжайық ауданындағы гидроним.
ҚАНДЫӨЗЕК –
Қалдығайты өзенінің Қаратөбе ауданындағы бөлігі, тарихи оқиғаға
байланысты қалыптасқан гидроним. ХХ ғасырдың 20-жылдардағы Азамат соғысы кезінде
Орынбор бекініс маңында жеңіліске ұшыраған ақ қазақтардың шағын отрядтары. Калмыков
бекінісіне қарай шегіне бастайды. Орал қаласы қызылдардың қолында Жайық өзенінің бойы
В.Чапаев дивизиясының қолында болғандықтан олар Шыңғырлау,
Жымпиты, Қаратөбе аудандары арқылы жылжи бастайды. Осындай шағын отрядтың бірі
қазіргі Қаратөбе ауданындағы Ақмешіт ауылына келіп қонады.
Ауыл адамдарын зәбірлеп,ұрып-соғып ылауға аттарын тартып алады. Араққа өлердей тойған
қазақ орыстар көп кешікпей ұйқыға кетеді. Сол кезде пештің мұржасын бітеу арқылы түтінге
әбден тұншықтырып, ауыл адамдары оларды ат-тұрманымен қоса Қалдығайты өзеніндегі
ойыққа батырып жібереді. Өзеннің осы жері қазір
Қандыөзек
деп аталады.
ҚАРАБАЙ –
Теректі ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
ҚАРАКЕМПІР –
Бөрлі ауданындағы елді мекен.
ҚАҢБАҚТЫ –
Қаратөбе ауданындағы елді мекен.
Қайбақ
шөбінің көптігіне
байланысты қалыптасқан фитотопоним.
ҚАРА АҢҚАТЫ
– Ақжайық ауданындағы гидроним. Өзен атауының құрамындағы
қара
сөзі "терең" мағынасын беріп тұр.
ҚАРАЗБАН
– Жәнібек ауданындағы елді мекен, зоотопоним.
Азбан
деп қошқарды
айтады.
ҚАРА АҒАШ
– Бөкей ордасы, Шыңғырлау аудандарындағы елді мекен. Кейбір
топонимдер құрамында кездесетін
қара
сөзі «қалың», «ну» ұғымын да берсе де, бұл жерде
қара
сөзі өзінің тура мағынасында қолданылып тұр. Қара ағаш –сусыз жерге шыдамды, құмның
көшуіне кедергі бола алатын ағаштың түрі. Облыс территориясындағы құмды алқаптарда
сексеуіл сияқты ағаш түрі өспейді. Оларды қара ағаш алмастырады.
124
Достарыңызбен бөлісу: |