ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


КІШКЕНЕ ШАЛ - Казталовка, бұрынығы Жалпақтал ауданындағы елді мекен.  Қ



Pdf көрінісі
бет190/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

КІШКЕНЕ ШАЛ
- Казталовка, бұрынығы Жалпақтал ауданындағы елді мекен. 
Қ 
 
ҚАБАШОЙ – 
Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты 
қойылған антропотопоним.
ҚАБДОЛЛА
– Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен. Адам атына 
байланысты қойылған антропотопоним. 
ҚАБАНСАЙ
– Ақжайық ауданындағы зоогидроним. Қабан – жабайы шошқаның түрі.
ҚАБДЕШ
– Ақжайық ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
ҚАБДЫСАЙ
– Теректі ауданындағы гидроним. Адам атына байланысты қойылған.
ҚАБЫЛ АУЫЛЫ 
– Ақжайық ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты 
қойылған антропотопоним. 
ҚАБЫЛ МОРТЫҚ 
– Жәнібек ауданындағы гидроним. 
Мортық
сөзі «қысқа», «келте» 
ұғымын береді. Көбіне өзен, мүйіс ұғымына қатысты айтылады. Қараңыз: 
Мортық 
ҚАБЫЛ ТӨБЕ – 
Теректі ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
ҚАБЫРШАҚТЫ
– Көшім өзенінің екінші атауы. Зеленов ауданында 
Көшім
деп 
аталған өзен Ақжайық ауданынан бастап 
Қабыршақты 
атауына ие болды. 
Қабыршақты
атауы 
өзендегі су бақаларының (ракушка) қабыршақтарына байланысты қалыптасқан. Олар түлеген 
кезде, ескі қабыршақтарынан (панцирь) арылады. Өзен жағасы осындай қабыршақтарға толы 
болғандықтан 
Қабыршақты
атанған. Қабыршақты өзені Бірқазан көліне құяды.
ҚАДІРҚҰЛ
– Сырым ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
ҚАДІРБАЙ
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Адам атына 
байланысты қойылған антропотопоним. 
ҚАЗАҚСТАН
– Зеленов ауданындағы кеңшар орталығы, Бөрлі ауданындағы темір жол 
бекеті.
ҚАЗАНБҰЛАҚ
– Жаңақала ауданындағы гидроним. 
Қазанкеткен
гидронимімен 
синонимдес. Қараңыз: 
Қазанкеткен. 
ҚАЗАНКЕТКЕН
– Қаратөбе ауданындағы гидроним. 
Қазанкеткен – 
Қалдығайты 
өзенінің бір бөлігі, суы терең жер. «Қазан» сөзінің суға қатысы қазақтардың ұлттық танымына 
байланысты қалыптасқан. Ел ішінде суға кеткен адамның денесін таба алмаған жағдайда, өзен-
суына қазан жіберу әдет-ғұрпы бар. Қазан судағы мәйіт жатқан жерге барып тоқтайды деп 
есептейді. Ұлттық танымға негізделген бұл жорамалдың артында үлкен шындық жатыр. 
Әлбетте, адамдардың суға кетуіне иірім себепші болады. Малтушы адам иірімдегі судың 
екпініне төтеп бере алмайды. Қазан да иірімге барып, бір орында тұрып алады.


122 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет