КРАСНОАРМЕЙСКОЕ
- Зеленов ауданындағы елді мекен.
КРАСНОГОР
- Жаңақала ауданындағы елді мекен. Қызылтөбе атауының калька
тәсілімен тікелей орысша аудармасы.
КРАСНОЯР
- Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Қызылжар сөзінің
атауының калька тәсілімен орысшаға аударылуы.
КРАСНЫЙ СВЕТ
- Зеленов ауданындағы елді мекен.
КРАСНЫЙ УРАЛ
- Зеленов ауданындағы елді мекен.
КРАСНЯНКА
- Тасқала ауданындағы елді мекен.
КРУГЛОЗЕРНОЕ
- Зеленов ауданындағы елді мекен. Шағын көлдердің жиынтығы.
КРУПСКАЯ
- Тасқала ауданындағы елді мекен. Н.К.Крупскаяның атына байланысты
берілген саяси жасанды топоним.
КРУТАЯ
- Тасқала ауданындағы елді мекен. Қазақ тілінде бұл елді мекен Үңгір деп
аталады. Атау жер бедеріне байланысты берілген.
КУЙБЫШЕВ
- Бөкей ордасындағы елді мекен.
КУЗНЕЦОВО
- Тасқала ауданындағы елді мекен.
КРАСНЕНЬКОЕ
- Тасқала ауданындағы елді мекен.
КРАНДОЙ
- Казталовка ауданындағы елді мекен.
Кран
(граница)
деп шекараны
айтады.
КҮЙГЕНБОЗ
- Шыңғырлау ауданындағы елді мекен.
Боз
сөзі бетегелі, изенді, селеулі
дала деген түсінікті береді.
КҮЙГЕНКӨЛ
- Жәнібек ауданындағы көл мен елді мекен. Күюі сөзі су, көл ұғымына
қатысты айтыла бермейді. Бұл жерде "жағасы шөпсіз", "жалаңаш" деген түсінікті беріп тұр.
Күйгенкөл
- жағасында шөбі жоқ көл.
КҮЛҒАШ
- Жәнібек ауданындағы елді мекен.
КҮМІСҚАЙ
- Сырым ауданындағы елді мекен.
КҮШПЕНКӨЛ
- Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы көл. Байбақты руының
күшпен бөлімінің атына байланысты қойылған геногидроним.
КҮШІК
- Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Масқар руының
Саркүшік бөліміне қатысты берілген генотопоним.
Достарыңызбен бөлісу: |