ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


КІНДІКТӨБЕ - Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен.  КІНДІКТІ



Pdf көрінісі
бет189/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

КІНДІКТӨБЕ
- Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. 
КІНДІКТІ
- Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. 
КІНДІКБИДАЙ
- Қаратөбе ауданындағы елді мекен. 
КІРПІ
- Қаратөбе ауданындағы елді мекен, зоотопоним.
 
КІШІ БАЙБЕК
- Ақжайық ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты 
қойылған антротопоним. 
Кіші
сөзі топонимдер құрамында қолданылған кезде, өзінің тура 
мағынасымен қатар, "екінші" деген түсінікті де бере алады. Қазақ топонимиясына кіші сөзінің 
қатысымен жасалған атаулар орыс тілді топоннимдер үлгісімен енген. Сондықтан 
топонимдердің бұл түрі орыстар қоныстанған аудандарда көп кездеседі. 


121 
КІШІ ҚАЛА
- Теректі ауданындағы елді мекен. 
КІШІ ТАЛДЫҚҰДЫҚ
- Казталовка, бұрынығы Жалпақтал ауданындағы елді мекен. 
КІШІ СЕЙТЕК
- Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен. Адам 
атына байланысты қойылған антротопоним. 
Сейтек
антротопонимі Ақжайық өңірінен шыққан 
Сейтек күйшінің немесе Жәнібек ханның құрметіне берілуі мүмкін. Соңғы жорамал 
төңірегінде мынадай қызғылықты деректер бар. Сейтақ атауы кейбір деректерде Жәнібек 
ханның ұлы деп беріліп жүргені рас. Тарихшы ғалым М.Әбусейітова "Егемен Қазақстан" 
газетінің 1998 жылғы 11 қарашада жарияланған "Қазақ мемлекетінің нығаюы" деген 
мақаласында Жәнібек ханның азан шақырып қойған атының 
Әбу Саид Сеийдақ
екендігін 
айтады. Ғалымның осы мақаласына дейінгі Ғаффардың еңбегінде Сеийдақ Жәнібек ханның 
ұлы деп берілсе, В.В.Вельяминов-Зерновтың "Исследование о Касимских царях и царевичах" 
деген еңбегінде автор Сеийтақ атауын Жәнібек есімінің қате жазылуы деп түсіндіреді. Қалай 
болғанда да, 
Сейтек
атауы - тарихи антротопоним. 
КІШІ ӨЗЕН

Казталовка, бұрынғы Жалпақтал, Жаңақала ауданындары 
территориясымен ағып жатқан өзен атауы. Жергілікті халық бұл өзенді 
Сарыөзен 
деп атайды. 
Кіші өзен
атауы орыстардың 
Малый узень
деген гидронимінің калькалануы нәтижесінде 
қалыптасқан. Сарыөзен Қамыс-Самар өзеніне құяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет