ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет203/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

ҚОСШЫҢЫРАУ - 
Жәнібек ауданындағы елді мекен. Шыңырау деп ерекше терең 
қазылған құдықтың түрін айтады.
ҚОСШЫРАҚ
- Жалпақтал ауданындағы елді мекен. 
ҚОТАНТАЛ
- Шыңғырлау ауданындағы елді мекен. Бұл топонимнің құрамындағы 
қотан сөзі туралы ғалымдар арасында түрлі пікірлер бар. Ә.Әбдірахманов бұл сөзді р>д>т>з>й 
дыбыс алмасуы нәтижесінде қалыптасқан (хатын, қадын, қадұн, қайың) қайың атауы деп 
топшылайды. Э.М. Мурзаев бұл сөздің шығу тегін кут, кат – «бекініс,биік дуалмен қоршалған 
алаң» мағынасын беретін иран-парсытілдеріне жатқызады. Алайда, көптеген ғалымдар бұл 
сөздің шығу төркінін моңғол тіліндегі «қоршау», «дөңгелене орналасу» мағынасымен 
байланыстырады. Бұл сөз моңғол тілдерінде де, түркі тілдерінде де кездеседі. Мысалы, қазақ 
тілінде «алқа-қотан отыру» деген тіркес бар. Әдетте, дөңгелене отыруды қазақтар осылай 
атайды. Көне моңғол тілінде «хотан»-қала, киіз үйлер тобы, қала сыртындағы қорған 
мағынасын берсе, бурят тілінде «хотан»-мал қорасы және топтана, дөңгелене қонуы ұғымында 
қолданылады. Осы салыстырулар моңғол тіліндегі хотан, хотон сөзі мен қазақ тіліндегі қотан 
сөзінің алғашқы мағынасы «топтала, дөңгелене отыру екендігін растайды. Бұл ұғымдар Э. 
Мурзаев ұсынып отырған кут, кат сөзімен де мағыналас. Бекініс немесе қорған дөңгеленіп 
салынады. Яғни, орыс тіліндегі хутор (күтір) сөзі де осы кут, кат сөзінің негізінде қалыптасқан. 
Демек, қотан мен тал сөзінің бірігіп, «дөңгелене, топталып өскен тал» ұғымын беріп тұр. 
Қотантал топонимін Шығыс Қазақстандағы Қотанқарағай атауымен салыстырып, оларды 
семантикалық ортақ модель деп қарауға негіз бар. 
ҚОТЫРТАУ

Бөкей ордасы ауданындағы ороним. Қотыртау, Қотыртас 
атауларындағы қотыр сөзі жер бедеріне байланысты қолданылған. Қотыр сөзі «жалаңаш», 
«шөбі сирек» ұғымын беріп отыр. 
ҚОТЫРТАС
- Бөрлі ауданындағы елді мекен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет