ҚУРАЙЛЫ
-
Сырым ауданындағы елді мекен. Қурайы көп жер.
ҚУРАЙЛЫСАЙ
- Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Қурай
өсімдігінің қатысымен жасалған фитотопоним.
ҚУЫРДАҚ
-
Тасқала ауданындағыелді мекен.
ҚУШЫҒАНАҚ
-
Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.
ҚҰЛПЫТАС
-
Тасқала ауданындағы елді мекен.
ҚЫЗЫЛАҒАШ
-
Сырым ауданындағы елді мекен. Облыс топожүйесінде қызыл
сөзінің тіркесуімен қалыптасқан топонимдер саны біраз. Олардың басым көпшілігі жасанды
топонимдер болып келеді. Мысалы, Қызылту, Қызылақырап, Қызылоба, Қызылтаң, Қызылжар,
Қызылқора сияқты атаулар кеңес дәуірінде қалыптасқан саяси топонимдер. Қызылбөгет,
Қызылқақ, Қызылтау топонимдеріндегі Қызыл сөзі белгіленетін елді мекеннің төңірегіндегі
жер бедерінің белгісін көрсетеді.
ҚЫЗЫЛАҚРАП
-
Сырым ауданындағы елді мекен.
ҚЫЗЫЛБАС
-
Тасқала ауданындағы елді мекен
ҚЫЗЫЛБӨГЕТ
-
Қалдығайты өзенінің бір бөлігі. Гидроним жер бедеріне байланысты
қалыптасқан.
ҚЫЗЫЛЖАР
-
Ақжайық, бұрынғы Тайпақ, Теректі,Шыңғырлау аудандарындағы елді
мекендер.
ҚЫЗЫЛ ИВАН
- Жәнібек ауданындағы елді мекен.
ҚЫЗЫЛКӨЛ
- Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарындағы көл және елді мекен.
ҚЫЗЫЛҚАҚ
- Казталовка ауданындағы елді мекен.
ҚЫЗЫЛҚОРА
- Жаңақала ауданындағы елді мекен.
ҚЫЗЫЛОБА
-
Теректі, Жаңақала аудандарындағы елді мекен.
ҚЫЗЫЛСАРАЙ
- Қаратөбе ауданындағы елді мекен.
ҚЫЗЫЛТАҢ
-
Сырым, Ақжайық, бұрыңғы Тайпақ аудандарындағы елді мекен.
Достарыңызбен бөлісу: |