127
ҚОЙҚҰДЫҚ
- Казталовка ауданындағы жер аты.
ҚОЙСАРАЛЖЫН
- Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен, Саралжын сары түсті
өсімдік атауы. Көне моңғол тілдерінде сиралджин «қурай» мағынасын береді. Бұл шөп атауы
жеке тұрып та топоним ретінде қолданыла береді. Қараңыз: Саралжын.
ҚОЙТОҒЫТ
- Бөрлі ауданындағы елді мекен. Қойды қырқып болғаннан кейін жылына
бір рет өзеннен өткізіп отырады. Оны тоғыту деп атайды. Этнотопоним осы кәсіпке
байланысты қалыптасқан.
ҚОНЫСБАЙ'>ҚОЛТАБАН
-
Жәнібек ауданындағы елді мекен.
ҚОНАҚАЙ
-
Шыңғырлау ауданындағы елді мекен.
ҚОНЫСБАЙ
- Казталовка ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антротопоним.
ҚОНЫС
-
Казталовка ауданындағы елді мекен.
ҚОҢҚАШЕВ
- Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен. Адам атына
байланысты қойылған антротопоним.
ҚОҢЫР
-
Сырым ауданындағы елді мекен.
ҚОҢЫРБАЙ
- Ақжайық ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антротопоним.
ҚОҢЫРШЕГЕН
-
Ақжайық ауданындағы елді мекен.
ҚОҢЫРАУЛЫ
-
Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен.
ҚОПА – Бөкейордасы, Шыңғырлау, Казталовка, бұрынғы Жалпақтал аудандарындағы
гидроним. Қопа – атау ретінде қолданылып отырған детерминатив. Оның географиялық
термин ретінде таралу аймағы туралы осы сөздікте қамтылды. Қараңыз:
Байқопа
.
ҚОПА ӨЗЕНІ
- Тасқала ауданындағы гидроним. Қараңыз: Байқопа, Қопа.
ҚОРЖЫН
- Қаратөбе ауданындағы елді мекен, тарихи топоним. Қоржын осы жерде
өмір сүрген табиғи талант иесі, ірі ақын. Қазіргі Аққозы кеңшарының маңында құлпытасы
сынған моласы бар. Қазақ ауыз әдебиетін зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, Қоржын халық
жырларын жаңаша жырлаған жырау.
Қоржын ақынның азан шақырып қойған аты емес. Оны ата-анасы қоржынға салып
өсірген, содан Қоржын атанған. Алаша руының Барамық бөлімінен шыққан. Қоржын Сырым
батырдың замандасы болып, оның қол астында көтеріліске қатысқан.
ҚОСАҒАШ
- Жаңақала ауданындағы елді мекен. «Екі ағаш» деген ұғымды береді.
Бірақ топонимдер жасауға бір, екі сан есімдері мүлде қатыспайды, керісінше, олардың
қызметін жалғыз, қос сөздері атқарады. Төменде беріліп отырған Қосарал, Қосауыз,
Қосбармақ, Қоскөл, Қосқатон, Қосмырза, Қособа, Қосшамшырақ, Қосшеген, Қосшығыр,
Қосшырақ, Қоспақ сияқты топонимдер «қос» сөзінің қатысымен жасалған. Бұл топонимдердің
құрамындағы сандық элемент номинативті мағынаны білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: