ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


ҚАРАТҰРЫҚ - Ақжайық ауданындағы елді мекен. 126  ҚАРАТӨБЕ



Pdf көрінісі
бет199/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

ҚАРАТҰРЫҚ
- Ақжайық ауданындағы елді мекен.


126 
ҚАРАТӨБЕ
- Қаратөбе ауданы мен оның орталығының атауы. Топоним құрамындағы 
қара сөзі моңғол тілінде «төбе» ұғымын береді. Қаратөбе «төбе төбе» деген сөз. 
ҚАРАУЫЛТӨБЕ
- Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы кеңшар орталығы. Ел 
арасында «Қарауылтөбе Қобыланды батыр сарбаздарының қарауыл қарайтын төбесі» деген 
аңыз бар. 
ҚАРАШАҢ
- Шыңғырлау ауданындағы елді мекен. 
ҚАРАШЫҒАНАҚ
- Бөрлі ауданындағы жер аты. Топоним құрамындағы қара сөзі жер 
бедерін сипаттау үшін, өзінің тура мағынасында қолданылып тұр. 
ҚАРҒАЛЫ
- Жәнібек, Шыңғырлау аудандарындағы өзен және елді мекен атауы. 
Қарғалы Қазақстан, Батыс Моңғолия, Сібір, Тува, Солтүстік Европада кең таралған тау. Е. 
Қойшыбаев бұл атаудың тарихи семантикалық негізін «сандықтас» ұғымымен 
байланыстырады: Қарғалы тастар мол үйілген жер. Э.М. Мурзаев қарғалы сөзінің бастапқы 
мағынасынан ауытқып, «тайыз және табаны тасты өзен» мәнін беретінін айтады. Қарғалы түркі 
моңғол тілдеріне ортақ топоним, моңғол тіліндегі қарға харга «тасты жердегі өзен» деген 
тіркестен қалыптасқан. Моңғолдар харгаа деп атаған өзендердің табаны мен жағасы тасты, суы 
тайыз келеді. Көне моңғол тілінде «харгил» өзеннің тайыз жері, тува тілінде «харга» тасты 
өзен, якут тілінде «харгы» тайыз су мағыналарын береді. Қазақ топонимиясында да таулы 
жердегі өзенді Қарғалы деп атау дағдысы қалыптасқан. Демек, Қарғалы өзенінің атауы судың 
тайыздығын сипаттайтын «харгилаа» сөзінен шыққан деген пікір дұрысқа келеді.
ҚАРҒАЛЫ САЙ
- Теректі ауданындағы гидроним. Қараңыз: Қарғалы . 
ҚАРЛЫҒАШ
- Ақжайық ауданындағы топоним. Құс атауынан жасалған зоотопоним. 
ҚАРМАҚТЫ
- Тасқала ауданындағы елді мекен.
ҚАРМАҚҚОТАН
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет