ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


НЫҒМЕТСОР  - Бөкей ордасы ауданындағы сор көл.  О



Pdf көрінісі
бет213/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

НЫҒМЕТСОР 
- Бөкей ордасы ауданындағы сор көл. 
О 
 
ОБА -
Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Оба детерминативінің өзі топоним қызметін 
атқарып тұр. 
ОБЛАВСКОЕ 
- Бөрлі ауданындағы елді мекен. 
ОЗЕРНОЕ 
- Зеленов ауданындағы елді мекен.
ОКТЯБРЬСКОЕ 
- Зеленов ауданындағы елді мекен. 
ОМАРҚҰМ 
- Жаңақала ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
ОМАРҚЫСТАУ 
- Казталовка ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты 
қойылған антропотопоним. 
ОН ЕКІ ТАЛ 
- Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. 
ОҢАЙБЕК 
- Казталовка ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
ОҢҒАР 
- Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
ОРАЗАЙ -
Жәнібек ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
ОРАЗБАЙ 
- Жәнібек ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
ОРАЗҒАЛИ 
- Казталовка, Шыңғырлау аудандарындағы елді мекендер. Адам атына 
байланысты қойылған антропотопоним. 
ОРАЛ 
- Облыс орталығы саналатын қала атауы. Гороним Орал тауы мен Орал өзенінің 
атына қатысты қойылған. Орал тауы – Европа мен Азияны бөліп жатқан, ұзындығы 2000 
шықырымға жуық биіктік. 
Орал
орнимінің қалыптасу тарихы көптеген зерттеушілерді 
қызықтырып жүр. Бұл атау төңірегінде кезінде Орта Азияға саяхат жасаған орыс ғалмдары 
П.Паласс, И.Лепехин, П.П.Семенов-аньшанскийлердің де жазғандары бар. XX ғасырдың 
басында жарық көрген «Географиялық – стилистикалық сөздікте» 
Орал 
атауы түркі 
тілдеріндегі «оралу» сөзінен («поясовый камень») шыққан деген түсінік беріледі. Сөздікте, 
сонымен қатар, 
Орал 
сөзінің
 
шығу төркіні туралы тағы бір пікір де айтылады. Ол пікір 


134 
бойынша, 
Орал
атауы финн-угорь тілдік тобына кіретін остяк халқының тіліндегі 
Уррь
– 
«таулар тізбегі» деген сөзінен шыққан деген жорамал да бар.
Орал
атауының этимологиясына Ғ.Қ.Қоңқашбаев «По поводу названия Урал» деген 
мақаласын арнады. В.Н.Татищев, П.И.Рычков өз зерттеулерінде «сол өңірлердегі тау жүйесін 
бір-ақ сөзбен айту үшін, солай қабылдаған» дейді. 
Оралтау
сөзіндегі тау сыңарын түсіне 
алмай, бұл оронимді «Үлкен чертежде» 
Аралтовы горы
түрінде таңбалап, оған 
гора
сөзін 
қосады. А.Ф.Гумбольдт сияқты XYIII-XIX ғасырларла пікір айтқан ғалымдар 
Урал 
атауын 
түрікше «уралмак-белдік» етістігімен байланыстырса, Д.Г.Киікбаев угор, түркі тілдерінде
ур+ала, ор+ал формаларынан қалыптасқан деп есептейді. А.К.Матвеев пен В.А.Никонов Орал 
тауының бастапқы түрі қазақша 
Арал 
болған да, кейінірек башқұрттар өздеріне бейімдеп, 
Орал
аталған деп түсіндіреді. Сондай-ақ бұл ғалымдар Орал түркі тілдеріндегі «оралу» сөзінен 
жасалуы да мүмкін деген жорамал айтады. Бұл пікірдің шындыққа келетінін қазақ лингвистері 
де қуаттайды. Өйткені түркі тілдеріндегі топонимдердің құрамында етістік сөздерден жасалған 
топонимдер көп кездеседі. Мысалы, Еділ топонимінің көне формасы- 
Атыл Ақсу
топонимі 
ақ 
(
түс) мағынасында емес, 
ақ 
(ағу) – бұйрық рай мағынасын беріп тұр. Ғ.Қоңқашбаев Арал сөзі 
Орал (Урал)
топонимінің мағынасымен ешқандай қиыспайтындығын ескерте отырып, 
төмендегідей тұжырым жасайды: «С точки зрения слово Урал – орал является формой 
повелительного наклонения единственного числа от тюркского глагола уралмак,уралу, 
(оралмақ,оралу) который в свою очередь представляет собой форму возвратного или 
страдательного залога основного глагола уралмак или орау. Слово уралмак-орау имеет 
различные значения, в том числе «опоясывать, окружать, охватывать».Слово Урал в составе 
топонима 
Уралтау 
воспринимается 
как 
причастие 
являющееся 
определением 
существительного тау (гора),т.е. Уралтау – «
опоясывающая гора
». Ә.Әбдірахманов Орал 
тауының және Орал өзенінің атауының етістіктен жасалған түбірлес түркі сөзі екендігін айта 
келіп, оны сол маңда өмір сүрген башқұрттар мен татарлар қойған болу керек деп 
топшылайды. Ал атаудың құрамындағы –л тұлғасын етістің жұрнағы емес зат есім тудыратын 
жұрнақ ретінде алады. Ғалым өз пікірінің дұрыстығын 
Ойыл, Қиыл, Қамал,Құрал
атауларымен 
салыстыра отырып дәлелдейді. Сондай – ақ, Орал сөзінің мағынасын Ғ.Қоңқашбаев айтқандай, 
«
опоясыващий»
емес, «
огибающий, изгибающий
», яғни «
огиби, изгибы
» деген ұғымнан 
қалыптасқан деп санайды. Мұның өзі таудың оралып жатқан көрінісін дәл береді. Орал 
тауынан бастауын алатын Жайық өзенінің сол таудағы орала ағып жатқан бір жері XIX
ғасырда огиби деп аталыпты. Бұл атау туралы 1870 жылы халық аузынан былай деп жазылып 
алынған: «
Огиби – от того, что крутые берега полукругом огибают Урал»
(39,216). Сөйтіп, 
түркі тілдеріндегі орал сөзі мен орыс тіліндегі огиби сөзі оралып жатқан тау мен өзеннің 
көрінісін дәл бергендіктен осылай аталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет