136
ПЕРВОМАЙ
- Ақжайық, Жәнібек аудандарындағы елді мекен.
Кеңестік дәуірден
жеткен топоним.
ПЕРВОСОВЕТСКОЕ
- Зеленов ауданындағы елді мекен.
ПЕРМЬ
- Зеленов ауданындағы елді мекен.Облыстың солтүстік аудандарына 1954 жылы
тың және тыңайған жерді игерушілер келіп қоныстанған.
Зеленов ауданына қарасты
Пермь,Ульяновский
кеңшарларының атауы осы тарихи оқиғаға байланысты қалыптасқан.
ПЕРЕМЕТНОЕ
- Зеленов ауданының орталығы.
ПЕТРОВО
- Зеленов ауданындағы елді мекен.
ПЛАНТАЦИЯ
- Жаңақала ауданындағы елді мекен.
ПОБЕДА
- Бөрлі ауданындағы елді мекен.
ПОГОДАЕВО
- Зеленов ауданындағы елді мекен.
ПОДСТЕПНОЕ
- Теректі ауданындағы елді мекен.
ПОДТЯЖКИ
- Тасқала ауданындағы елді мекен.
ПОЙМА
- Жайық өзенінің саласы және Теректі ауданындағы теміржол бекеті.
ПОКАТИЛОВКА
- Теректі ауданындағы елді мекен.
ПОЛИВНОЕ
- Зеленов ауданындағы елді мекен.
ПОЛТАВКА
- Шыңғырлау ауданындағы елді мекен.
ПОРТ-АРТУР
- Казталовка ауданындағы елді мекен. 1993
жылдан бері Ақпәтер деп
аталады. Порт-Артур атауы төңірегінде екі түрлі дерек бар:1)Александров
Гай бекеті мен
Жалпақтал ауылының арасына көлікпен қатысушылар жолшыбай осы жерге демалып,қонатын
болған. Бұл атау кіре тартушылардың «бір тартар» сөзінен қалыптасқан. Кейін «Біртартар»
атауын орыстар
Порт Артур
деп атап кеткен. 2)Осы жерге орыс-жапон соғысы кезінде Порт-
Артурды қорғаушылардың бірі келіп қоныстанған. Атау осыған байланысты қалыптасқан.
Біздің
ойымызша,
Порт-Артар
атауының қалыптасуына алғашқы
жорамал негіз болған
секілді.
Достарыңызбен бөлісу: