Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
филология факультеті
СӨЖ №3
Пәні: Философия
Тақырыбы:«Философпен сұхбат»
Орындаған: Мамырбекова Шұғыла ҚТӘ- 202
Қабылдаған:Нигметова Алия Темирлановна
Әлемнің бірінші ұстазы Аристотельмен екінші ұстазы атанған Әл- Фарабидмен сұхбат.
1)-Әл Фараби сіз өз философия жүйеңізде материяға көп көңіл бөлініпсіз бұл жайлы не айтасыз?
-Мен ай астындағы дүниенің шын мәнінде бар екенін, оның айдан жоғары орналасқан дүниемен, яғни аспан әлемімен бірлікте болатынын мойындаймын. Біздің, яғни айдан төмен жер бетінде орналасқан дүниеде материя мен формадан тұратын заттар, нәрселер – ақиқат. Олар негізгі бастапқы материя болып табылатын төрт элементтердің сан алуан әртүрлі қосылыстарынан тұрады.
-Жақсы жауабыңызға қанағаттандым.
2)-Келесі сұрағым сіз Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Бақытқа жету туралы» трактаттарыңызда не жайында жаздыңыз?
-Мен адам қоғамының шығуы, оның өмір сүру формалары, адамның мінез-құлқы, әділетті әкімнің бейнесі туралы ой толғадым. Ең әуелі өмір сүріп отырған қоғамның құрылымын талдадым. Адамдар қауымы өмір сүру ортасы ретінде қала халқын алдым. Қалаларды жік-жікке бөле келіп, кемел де үлгілі құрылым ретінде «Ізгі қаланы» таңдадым, оған жақын келетін және тұрмыстық байланыстағы құрылым – еңбекшілер тұратын «қажеттілік қаласы» деп қарадым.Ал әрі қарай «алыс-беріс қаласы», «бақытсыздық пен бұзылғандық қаласын» бөліп ажыраттым.
3)-Әл-Фараби сіздің ойыңызша болмыс деген не?
– ол Құдай, дәл болмыс пен өзінің мәні. Мен бірінші болып бар заттарды екі рационалды бөлікке бөліп қарастырдым: болмыс пен мән. Мәнді мен соған сай болған заттарға( квинтэссенция мен аксиденция ретінде) теңеп, оны өз кезегімде 9 бөлікке бөлдім.
4)-Өте қызық екен ал сіз философияны қалай түсінесіз және қоғамды басқарушы қызметін кім атқарғаны дұрыс деп ойлайсыз?
-Философия адам жан дүниесін мәңгілік етеді, рационалды дәлелдеуге сүйеніп, ақиқат танымын ұғынуға барынша жақын, адамның саналы түрде бақытқа жолын ашады. Осыған сүйене отырып, қоғамды басқару қызметін, философ-басқарушы атқаруы тиіс деп есептеймін. Сол кезде ғана ол мемлекеттің халқы бақытты да мемлекет зағдарын құрметтейтін адал болады деп есептеймін.Менің ойымша, Философ пен ағартушы билеушінің негізгі практикалық міндеттерінің бірі – философиямен қатар, шынайы дінге енген элитарлық білім ретінде құрылуы.
5)-Ал сіздің философиялық іліміңіздің ерекшелігі неде ?
-Менің философиялық ілімім — негізінен дүниені бір құдай жаратты деген қағиданы басшылыққа алған идеалистік ілім.
-Әрине сіздің данышпандығыңыз бен білімпаздығыңыз, әрине, бұл идеализмге өзгеше түр бермей қала алмады.
6)-Сіз өз еңбектеріңізде Құдай бар деп мойындайсыз солай ма ?
- Өз еңбектерімде Құдай бар деп мойындаймын.Ол Аристотельдің ізімен құдай дүниені бар етуші, қозғалысқа келтіруші тек бірінші себеп — "алғашқы түрткі" қана, одан кейін табиғат (материя) өз бетімен, өз зандылығымен кұдайға тәуелсіз даму жолына түскен деген идеяны куаттаймын.
-Жауаптарыңызға көп рақмет келесі Аристолтотель мырза сізге сұрақ қойып өтсем себебі сіздердің ойларыңыз бен тұжырымдарыңыз үндес келеді.
7) -Философияда сіз 3 бөлімді қарастырған екенсіз?
-Иә,
1 Теориялық бөлім: болмыс туралы ілім, болмыстың құрамы, себептері және бастауы
2.Практикалық бөлім-адамдардың іс-әрекеті турлы ілім.
3.Поэтикалық бөлім - шығармашылық туралы ілім.
8)-Жалпыны танудың шарты туралы ойыңыз?
Мен шарты деп индукциялық қорытындылауды түсінемін жәнк сезімдік қабылдаусыз мүмкін емес деген ойдамын.Осыған орай 4 себепті мойындаймын.
1-себеп -материя, ол - қалыптасудың пассивті мүмкіндігі.
2-себеп - форма (түр), ол - мәндік болмыс, материядағы мүмкіндіктің шындыққа айналуы.
3-себеп - қозғалыс бастауы. 4-ші себеп – мақсатық себеп.
9)-Жауабыңызға рақмет келесі сұрағым Таным туралы іліміңіз жөнінде?
-Таным туралы ілімімде шынайы білімді болжамдық білімнен ажыраттым. Бірақ тіл арқылы ол екеуі байланыста болады. Тәжірбие-болжамдық білімді тексерудің соңғы инстанциясы ғана емес. Себебі ақиқат сезім арқылы ғана емес, ақыл арқылы да танылады. Ол іс-әрекет арқасында, нәтижесінде фактілерді жинау нәтижесінде қалыптасады.
10)-Ғылымның мақсаты затты анықтау, ал оның шарты дедукцияны дедукциямен біріктіру дейсіз себебі не? -Себебі,- барлық ұғымға предикат бола беретін ұғым жоқ. Сондықтан түрлі ұғымдар бір топқа біріге алмайды.
-Сіздердің жауаптарыңыздан түйген білгенім көп болды көп рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |