Жалпы дене дайындығы



Дата02.02.2022
өлшемі18,39 Kb.
#130454
Байланысты:
Дене шынықтыру




Жалпы дене дайындығы – спортшы ағзасын шыңдауға және дамытуға бағытталған: барлық мүшелер мен жүйелердің қызметтік мүмкіндіктерін дамыту, қозғаушы бұлшықеттерді дамыту, дене қасиеттерін талап денгейіне көтеру. Бұл міндеттерді шешу үшін әртүрлі дене дамыту жаттығулары қолданылады. Жаттығушы ағзасында дене қасиеттері жеке дами алмайды. Олардың әрқайсының даму денгейі келесінің, ал келесі өз кезегінде одан кейінгінің даму денгейіне байланысты болады. Мысалы, жылдамдықты арттыру жүгерумен дамытылса, ондағы күш алу бұлшық еттің қызметіне тәуелді. Ал орнынан ұзындыққа секіруде ептілікті дамыту мақсатталса, бастапқы екпін алу әдісі күштілік қасиетіне тәуелді. Жалпы дене дайындығы баскетболшының тәсілдік шеберлігінің артуына ықпал етеді. Спортшыға қажетті қимыл-қозғалыс дағдыларының көпшілігі бұрынан бар қасиеттер негізінде қалыптасады. Сондықтан да спортшының қимыл-қозғалыс тәжірибесі қаншалықты бай болса, ол баскетбол тәсілін соншалықты меңгереді, тәсілдік шеберлігі де соншалықты жоғары болады. Қимыл-қозғалыс тәжірибесі тек дене дайындығы процесінде, баскетболшы әртүрлі дене жаттығуларының тәсілін меңгергенде ғана жинақталады. Жалпы дайындық бәрінен бұрын спортшының органдары мен ағза жүйелерінің қызметтік мүмкіндіктерін арттыратын және оның денсаулығын нығайтатын жалпы дамыту сипатындағы жаттығулардың әсерінен қалыптасады. Жалпы дайындық жаттығулары спортшының басымырақ жалпы дайындық құралы болып табылады. Бұлардың қатарында барынша әртүрлі жаттығуларды пайдалануға болады, яғни өзінің әсер ету ерекшелігі бойынша арнайы дайындық жаттығуларына жақын, сонымен бірге олардан елеулі айырмаланатын (оның ішінде қарама-қарсы бағытталғандары).

Арнайы дене дайындығы баскетболшыларға тән арнайы қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған және ойынның әдіс-тәсілдерімен жарыс жүктемелерінің көрсеткішімен психологиялық толқумен тығыз байланыста болады. Ол ойыншының бұл дағдыларды жарыс жағдайында пайдалану сипаты мен жағдайы есебінен баскетболдағы білік пен дағдыны меңгерумен және жетілдірумен тығыз байланыста іске асырылады. Арнайы дайындық таңдаған спорт түрінде бұлшық ет қызметінің нақтылы түрін орындау барысында алынады. Арнайы дайындық жаттығулары – жарыстық қызметтің элементтері, олардың байланыстары және түрлері, сонымен бірге олармен түр немесе көрінетін қабілет сипатымен елеулі ұқсас қозғалыстар мен іс-әрекеттер кіреді. Арнайы дайындық жаттығуларының құрамы шешуші деңгейде таңдаған спорттық пәннің ерекшелігімен анықталады. Жаттығулар спортшыға қажетті дене қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыруды жетілдіруге көбірек бағытталған бөліктермен әсер етуді қамтамасыз ету есепке алынып іріктеліп алынады және құрастырылады.

Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы - гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады.

Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай- ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен - жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.

Баскетбол (ағылш. basketballbasket - себет (торқалта), ball - доп) —- ептілікті қажет ететін қызу тартысты спорт ойын. Оған бес ойыншыдан тұратын екі команда қатысады. Баскетбол алаңының қарама-қарсы екі шетіне орнатылатын қалқаны бар тағандарға сақина бекітіледі. Ойынның мақсаты- допты қарсыласының сақинасына түсіріп, ұпай жинау. Ойыншылар допты лақтыруға, пас жасауға, домалатуға немесе жерге жиі-жиі ұрып дриблингпен алып жүруіне болады. Доп өзіне тигеннен кейін ойыншы онымен тек екі адым ғана аттай алады. Баскетболды таза 20 минуттан екі тайм ойнайды. Таймдардың арасындағы үзіліс 10 минуттан тұрады. Ойынның басталуында төреші алаңның қақ ортасында командалардың екі ойыншысының арасында тұрып допты тіке лақтырады. Олар секіріп, допты командасындағы әріптестеріне тартып әперуге тырысады.

Футбол (ағылш. foot — аяқ, ball — доп) — спорттың командалық ойын түрі. Футбол – әлемге аса танымал ойындардың бірі[1][2][3][4]. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.

Шаңғы спорты, дене тәрбиесі жүйесіндегі қысқы спорт түрлері негізгілерінің бірі. Бұл спорт түрлерінің қатарына шаңғымен жарысу, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы және тау шаңғысы, биатлон түрлері енеді. Бұлардың барлығы да қысқы Азия ойындардың, қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламаларында бар. Шаңғы спортынан жаттығулар мен жарыстар ашық аспан астында, таза ауада өтетін болғандықтан адамның денсаулығына өте пайдалы. Ол адамның бойындағы шыдамдылық, күш шапшаңдық, батылдық, ептілік, табандылық, айналаңды бақылау сияқты аса керек қасиеттерді өкпенің сыйымдылығын жан-жақты дамытады. Ш. Спортымен айналысу кезінде адамның барлық дене мүшелері жұмыс істейді. Сондықтан ол жан-жақты жетілуге, дамуға, шынығуға негіз салады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет