ҚАРАҚОПА
– Казталовка, Жалпақтал ауданындағы көл. Гидронимнің құрамындағы
қара сөзі «қалың» ұғымын беріп тұр.
ҚАРАҚЫРҚА
– Бөкейордасы ауданындағы жер атауы. Топонимнің құрамындағы қара
сөзі «Төбе» ұғымын беріп тұр.
ҚАРАҚЫШТӨБЕ
– Ақтөбе, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.
ҚАРАҚҰЛ
– Ақжайық ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
ҚАРАҚИЯ
- Қаратөбе ауданындағы жер аты. Қара төбе, қия биік жер сөздерінің
тіркесуі арқылы жасалған.
ҚАРАҚАЙ
-
Шыңғырлау ауданындағы жер аты. Шөптің атауынан қалыптасқан
фитотопоним.
ҚАРАОБА
- Казталовка ауданындағы елді мекен. Оба сөзі детерминативті түркі
тілдерінің қай қайсысында болмасын «үйілген қорған» мағынасын береді. Ә.Әбдірахмановтың
зерттеуіне сүйенсек, обоо сөзі тіпті көне моңғол тілдерінде де овойх-үйілу, овоолох-үю,
овоолсон -үйген, үйілген мағынасын береді. Ал қара(гара) сөзі «биік», «үлкен» ұғымдарында
қолданыла алады. Батыс Қазақстан облысының топожүйесінде оба детерминативімен жасалған
Қараоба, Қызылоба, Бозоба, Бесоба, Қособа, Тасоба, Ақоба т.б. атаулар бар.
ҚАРАҚОҒА
- Шыңғырлау ауданындағы елді мекен. Қараңыз: Қарақамыс, Қарақопа
гидронимдерімен синонимдес.
ҚАРАОЙ
- Қаратөбе ауданындағы елді мекен.
ҚАРАОРЫС
- Қаратөбе, Казталовка аудандарындағы елді мекен. Қараорыс
топонимінің құрамындағы «қара» сөзі «көп» деген мағынаны береді.
ҚАРАӨЗЕН
- облыстың Казталовка, Жалпақтал, Жаңақала аудандары арқылы
Қамыссамар көліне құятын өзен атауы. Гидронимнің құрамындағы қара сөзі «терең, суы мол,
үлкен өзен» мағынасын береді. Өзен суының мол болатын себебі жер асты суынан нәр алады.
ҚАРАҚЫСТАУ
- Сырым ауданындағы елді мекен. Қараорын, қарақыстау атаулары
«бабадан қалған орын, атажұрт» мағынасын береді.
Достарыңызбен бөлісу: |