ҚАРАКӨЛ
- Казталовка және Қаратөбе аудандарындағы көл мен елді мекен атаулары.
ҚАРАҚҰДЫҚ
- Қаратөбе, Сырым, Казталовка, Бөрлі аудандарындағы елді мекен.
«Терең құдық» мағынасын береді.
ҚАРАМЕКТЕП
-
Сырым ауданындағы елді мекен. Қара сөзі тура мағынасында
қолданылып тұр.
ҚАРАМОЛА
-
Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Топоним құрамындағы қара сөзі
«төбе», «қырат» мағынасын береді. Су баспасын деп қазақтар моланы биік жерден таңдаған.
ҚАРАСАУЫТ
- Жалпақтал ауданындағы жер аты.
ҚАРАСАЙ
- Бөрлі ауданындағы гидроним.
ҚАРАСОР
- Жаңақала ауданындағы көл. Гидронимнің құрамындағы қара сын есімі
сордың балшығын сипаттау үшін тура мағынасында қолданылып тұр.
ҚАРАСУ
- облыстың көптеген аудандарында кездесетін өзен атауы. Қарасу өзені елді
мекені Ақжайық, Казталовка, бұрынғы Жалпақтал, Теректі, Бөкей ордасы, Бөрлі аудандарында
бар. Бұл атаудың құрамындағы қара сөзі судың түсіне байланысты берілмеген. Қарасу үлкен
өзен емес, жер асты суларынан бастау алатын, қайнарлардан толығып отыратын су. Қара сөзі
көне түркі тілдерінде «жер» деген де ұғымды бере алады. Демек, Қарасу атауы «жер суы
грунтовая вода» деген ұғымды береді.
ҚАРАТАЛ
- Бөкей ордасы ауданындағы гидроним.
ҚАРАТЕРЕҢ
- Қалдығайты өзенінің бір бөлігі. Гидроним құрамындағы қара сөзі
судың молдығын, тереңдігін білдіреді.
ҚАРАТОПАН
- Бөкей ордасы ауданындағы гидроним. Топан сөзі су нысандарын
белгілейтін қоға, самар, қамыс секілді сөздердің қатарына жатады. Батыс Қазақстан аймағында
көп қолданыла бермейтін, негізінен Солтүстік Қазақстан аймағында қолданылатын
детерминатив.
ҚАРАТОҚАЙ
– Бөкейордасы ауданындағы елді мекен. Беріш руының Қаратоқай
бөлімінің атына байланысты берілген генотопоним.
Достарыңызбен бөлісу: |