ҚЫЗЫЛТАУ -
Бөкей ордасы ауданындағы ороним.
ҚЫЗЫЛТЕРЕК -
Жалпақтал ауданындағы елді мекен.
ҚЫЗЫЛТУ - Сырым, Қазталовка аудандарындағы елді мекендер.
ҚЫЗЫЛТӨБЕ -
Қаратөбе ауданындағы елді мекен.
ҚЫЗЫЛҮЙ - Теректі ауданындағы елді мекен.
ҚЫЗЕМШЕКТАУ - Шыңғырлау ауданындағы тау, метафоралы ороним.
ҚЫЛЫШТАУ - Шыңғырлау ауданындағы ороним. Ел ішінде осы таудың етегіне
Қобыланды аяңдап, қылышын қалдырып кетіпті деген аңыз бар.
ҚЫПШАҚТЫ - Қаратөбе ауданындағы елді мекен.
ҚЫРБАСЫ - Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.
ҚЫРҒАУЫЛ - Жәнібек ауданындағы елді мекен, зоотопоним.
ҚЫРҒЫН - Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Топоним осы өлкедегі тарихи
оқиғаға байланысты берілген.
ҚЫРҚОПА - Жаңақала ауданындағы елді мекен. Кармановка ауылының бұрынғы
атауы, жақында облыстық ономастикалық комиссияның шешіміне сәйкес кері қайтарылды.
ҚЫРЫМҚОЖА - Сырым ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антротопоним.
ҚЫРЫҚҚҰДЫҚ - Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Топоним
құрамындағы қырық сөзі «көп» деген түсінікті береді. Жері ащы болғандықтан, ауыл
тұрғындары ауыз су ішетін құдықты ауыл сыртындағы қар суы жиналатын ойпаңнан қазады.
Әдетте, ол құдықтардағы су мал суаруға жетпейді. Сондықтан бір-бірінен алшақтатпай(тұщы
су көзінен айырылып қалмас үшін), жиырма-отыз құдық қатар қазылады. Қырқадан қараған
130
кезде, ең алдымен, шыпырлаған көп құдық көзге түседі. Осы белгісіне сай елді мекен
Қырыққұдық атауына ие болса керек.
ҚЫСҚАҚАМЫС - Сырым ауданындағы елді мекен.