135
ОТАР
– Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Белгілі түркітанушы В.В.Радлов
көптеген
түркі тілдерінде
от
сөзінің бір мағынасы «
шөп,өсімдік
» екендігін айта келіп,
Оталы
,
Отар
топонимдерінің этимологиясының
от+ар
екендігін,
оның қазақ, ноғай, қырым татарларының
тілінде кездесетінін айтады. От сөзі қырым татарларының тілінде «
ауылдан алыс жердегі
жайылым
», ноғай тілінде «
әртүрлі жайылымға айдайтын қой табыны
» ұғымын береді.
«
Шөп
», «өсімдік» мағынасындағы «
от» сөзі қазақ, қырғыз, түрік, азербайжан, алтай,
ұйғыр
тілдерінде
от
түрінде,
өзбек
тілінде
ут
тұлғасында кездеседі. А.Абдрахманов
отар
сөзі,
В.В.Радлов айтқандай, от+ар жолымен емес,
от+а+р
жолымен жасалған деп түсіндіреді.
Шынында да, қазақ тілінің заңдылықтарына сүйенсек, зат есімнен
кейін етістікті есімге
айналдыратын –ар жұрнағы жалғанбайды. Демек,
-а
жұрнағы от зат есімін етістікке
айналдырып (
от+а
) тұр, оған есім тудыратын
–р
жұранғы жалғанып тұр.
Мұны осы жұрнақ
жасалған басқа да топоним-модельдермен салыстыруға болады. Мысалы,
Қайна+р
, Отар сөзі
кейін түркі тілдерінен моңғол, бурят және орыс тілдеріне ауысқан. Моңғол тілінде –
отор
,
бурят тілінде
– атар
,
орыс тілінде-
отара
түрінде келетін осы сөздің мағыналарының бір-
біріне жуық болып келуі оның осы тілдерге түркі тілдерінен ауысқандығын білдіреді. Сонымен
О т а р
топонимінің этимологиясы: түбірі – жалпытүркілік
от
(
шөп мағынасы
)+
а (зат есімді
етістікке айналдыратын көне жұрнақ), +р (етістікті зат есімге айналдыратын жұрнақ.)
Ескерту:
Қырым татарлары мен ноғай тілдерінде бұл сөздің «
орыстың кіші деревнясы
» деген
мағынасы да бар. Алайда, бұл түсініктің жер атауына қатысы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: