ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


МҮСЕТ -  Жәнібек ауданындағы тау аты, ороним.  МЫҢЖАС



Pdf көрінісі
бет211/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

МҮСЕТ - 
Жәнібек ауданындағы тау аты, ороним. 
МЫҢЖАС 
- Жәнібек ауданындағы елді мекен. 
МЫҢТАС 
- Жаңақала ауданындағы елді мекен. 
МЫҢШҰҢҚЫР 
- Ақжайық ауданындағы елді мекен. 
МЫРЗАГЕРЕЙ 
- Казталовка ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты 
қойылған антропотопоним. 
МЫРЗАЛЫ 
- Казталовка ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним. 
МЫРЗАҒАРА 
- Шыңғырлау ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты 
қойылған антропотопоним. 
МЫСТЫБАЙ 
- Тасқала ауданындағы елді мекен. 
МЫШЫМ 
- Казталовка ауданындағы елді мекен. 
 
Н 
НАБЕРЕЖНОЕ 
- Зеленов ауданындағы елді мекен. 
НАЙЗА 
- Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. 
НАЙМАНАЙДЫН 
- Жаңақала ауданында көл. Гидроним 
Найман 
руының атауына 
байланысты қойылған. Егер қазақтың ру-тайпаларының орналасу ерекшеліктеріне сүйенер 
болсақ, Найман этнонимі Батыс Қазақстанда кездеспеуге тиіс. Алайда бұл этноним Ақжайық 
даласында көне дәуірлерде түркі тайпалары мен моңғол тайпаларының аралас өмір сүргендігін 
растайды. Жәнібек ауданында 
Ноғайқазақ,Үйсін
руларының атаулары кездеседі. Ендеше, 
облыс топожүйесінде Қазақстанның орталығы мен шығысында көп кездесетін 
Найман
атауының қолданылуы – мүмкін нәрсе. 
НАРЫН 
- Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысындағы үлкен құм мен өзен 
атауы.
Нарын-
қазақ даласына кең тараған атау. Бұл атау тек қазақ даласына ғана кең тарап 
қоймаған,сондай-ақ 
Нарын
өзені Қырғызстанда,Тува республикасында, Чита облысында, 
Нарынқопа

Нарынқұдық
атаулары Наманған облысы мен Калмыкияда кездеседі. Нарын-
моңғол тілінен енген топоним. Алайда,атаудың моңғол тілінен енгендігін толық мойындай 
отырып, ғалымдар оның этимологиясы төңірегінде ортақ пікірге келе бермейді. «Моңғолша-
қазақша сөздікте» «наран» - 
күн, күнгей
ұғымын береді деп түсіндіріледі. Э.Мурзаев оны 
моңғолдың «
нарийн» - жіңішке, нәзік 
сөзінен шыққан деп топшылайды. Шынында да, 
Нарын
сөзінің беретін мағынасы көп: 1) жіңішке, нәзік; 2) жинақты, ұқыпты; 3) шебер, қу, айлакер; 4) 
сараң, қатты. Бұлардың арасында 
Нарын
топониміне жақын келетіні - біріншісі. Өйткені 
Нарының құмының көлемі Қарақұм, Қызылқұмдарға қарағанда кішкене, шағын және сусыған 
нәзік құм. Нарын сөзі 
күн, күнгей 
мағынасын береді деген пікірден гөрі, аумақ, көлем өлшемін 
білдіретін моңғолдың 
«нарийн» 
сөзінен шыққан деген жорамал дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет