138
САЛЫҚ
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
САЛМҰРЫН
– Бөкей ордасы ауданындағы елдімекен.
САЛПЫНШАҚ
– Тасқала ауданындағы елді мекен. Салпыншақ сөзі, негізінен, су
нысандарына қатысты айтылып, «өзеннің қалдығы, үзік су» мағынасын береді. «Салп-
салпыншақ анау үш өзен, Салуалы менің ордам қонған жер» деген жолдар бар.
САЛТАНАТ
– Қаратөбе ауданындағы елді мекен.
САМАЛ
– Ақжайық ауданындағы елді мекен.
САМАЛЫҚСАЙ
– Шыңғырлау ауданындағы Жаңакүш ауылының бұрынғы аты.
САМАР
- Жаңақала ауданындағы елді мекен. Су нысанын белгілейтін самор
детерминативінің топоним орнына қолданылуы.
САНАТКӨЛ
– Казталовка ауданындағы гидроним.
САНТАС
– Теректі, бұрынғы Ақжайық ауданындағы ороним. Шалқар көлінің шығыс
және батыс бетінде алыстан мұнартып көрінетін екі биік төбе бар. Ол төбелерді халық Сантас
және Сасай деп атайды. Сантас та, Сасай да – Байбақты руының бөлімдерінің атаулары.
САПАР БАТЫҒЫ
– Жаңақала ауданындағы гидроним. Адам атына байланысты
қойылған.
Достарыңызбен бөлісу: