САПАРҒАЛИ – Жәнібек ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
САПАР СУ – Жаңақала ауданындағы гидроним.
САРАЛЖЫН – Жаңақала, Қаратөбе, Казталовка, Бөкей ордасы аудандарындағы елді
мекен атаулары. Саралжын атауының шығуы төңірегінде қалыптасқан бірнеше пікір бар:
1)
Топоним «саралжын» өсімдігінің атына байланысты қалыптасқан. Саралжын –
суы тартылған өзен арналарында өсетін жусан тектес шөп.
2)
Саралжын топонимі моңғол тіліндегі «сиралджин» (қурай) сөзінің негізінде де
қалыптасуы мүмкін.
3)
Сар ( сары) сөзі моңғол тілінде «сұр» мағынасын беріп, қазақ тіліндегі құла, сұр
түстерімен мағыналас келеді. ал –алжын - сын есімінің шырай категориясының көне жұрнағы
(қараңыз –ылтым, -ылжым, -ілдір). Сары сөзінің жер-су атауларының құрамында келіп үлкен
қызмет атқаратыны белгілі. Сондықтан шөптің түсіне байланысты берілген бұл пікірді де
жоққа шығаруға болмайды. Біраө Саралжын атауының шығу төңірегінде пікірлердің арасында
І-пікір көп жылдар бойы үстемдік құрып келеді.
САРАТАНБӨЛЕК – Шыңғырлау ауданындағы елді мекен.
САРБОЗ – Жәнібек ауданындағы елді мекен.
САРЫБАСТЫ КӨЛ – Ақжайық ауданындағы гидроним.
САРЖОЛАҚ – Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен.
САРКӨБЕН – Сырым ауданындағы елді мекен.
САРҚЫРАМА - Жаңақала ауданындағы гидроним. Судың дыбысына еліктеуден
қойылған атау.
САРМАН – Жаңақала ауданындағы елді мекен. Сарман – татар тілінен енген топоним.
Сарман сөзі татар тілінде мифтік ұғымға байланысты айтылады. Халық арасында жынның
атын сарман деп атаған. Татар ауыз әдебиетінде «Шақырайын шалғайдан сарманымды» деген
тіркес осы ұғымға байланысты айтылған.
САРЫАЙДЫН – Жаңақала ауданындағы гидроним. Сары сөзі мен айдын
детерменативінің қатысымен жасалған атау. Облыс топожүйесінде сары сөзінің қатысымен
жиырма шақты атау бар. Олардың басым көпшілігі – су нысандарын белгілеу үшін қойылған
гидронимдер. Мысалы, Сарыайдын, Сарыбұлақ, Сарыкөл, Сарыайбас, Сарыкөлмек,
Сарықамыс, Сарықопа, Сарытабан, Сарықұдық, Сарықұлақ. Ғ.Қоңқашбаевтың пайымдауына
қарағанда, сары компонентінің қатысымен жасалған топонимдер еліміздің барлық аймағында
кездеседі. Ғалым бұл сөздің беретін екі мағынасын анықтайды: а) парсы тілінде: сар-сары; б)
моңғол тілінде: сара – анық. Алайда, бұл жердегі ғалымның топшылауымен толық келісуге
болмайды. Біздің ойымызша топонимдер құрамында кездесетін сары сөзінің бұл екеуінен де
басқа мағынасы бар. Олар топонимдер құрамында келіп жер-су атауларының бір белгісін бере
алады. Жоғарыдағы атаулардың құрамындағы сары сөзі «лай су» немесе «тайыз су» ұғымын
береді. Әдетте, сазды жерде орналасқан өзен-көлдердің суының лай болып келуі оның
139
тайыздығына байланысты. Сары сөзі су нысандарының түсуін бере отырып, оның суының
тайыздығын да көрсетеді. Сондықтан бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз бірлікте болады.