ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


РЫБЦЕХ  - Теректі,бұрынғы Ақжайық ауданындағы Шалқар көлінің жағасында балық  шаруашылығымен айналысқан елді мекен.  РТС



Pdf көрінісі
бет218/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

РЫБЦЕХ 
- Теректі,бұрынғы Ақжайық ауданындағы Шалқар көлінің жағасында балық 
шаруашылығымен айналысқан елді мекен. 
РТС 
- Зеленов, бұрынғы Приурал ауданындағы елді мекен. 
С 
 
САБЫР 
– Теректі, бұрынғы Ақжайық ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты 
қойылған антропотопоним. 
САБАҚӨЗЕК –
Тасқала ауданындағы гиндроним. Атаудың құрамындағы сабақ сөзі «шолақ», 
«қысқа», «қалдық» ұғымын береді.
САҒА 
– Қаратөбе ауданындағы өзен. Саға – өзені саласы ұғымын беретін детерменатив.
САҒАТЕРЕК 
– Жалпақтал ауданындағы елдімекен.
САҒЫЗ 
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.
САДАҚ
– Жәнібек ауданындағы елді мекен.
САДЫҚ –
Казталовка ауданындағы елді мекен.
САДОВО
Е – Зеленов ауданындағы елді мекен. 
САЗАНДЫ –
Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы жер аты. Саздыбөлек атауы 
отырықшылыққа байланысты қалыптасқан. Топонимнің құрамындағы бөлек компоненті қазақ 
даласының территориялық – әкімшілік бөлінуі кезінде пайда болған.
САЗДЫБӨЛЕК
– Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы жер аты. Саздыбөлек атауы 
отырықшылыққа байланысты қалыптасқан. Топонимнің құрамындағы бөлек компоненті қазақ 
даласының территориялық-әкімшілік бөлнуі кезінде пайда болған. 
САЗҚҰДЫҚ
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен.
САЙ – 
Казталовка ауданындағы гиндроним. Сай детеменативінің тура мағынада қолданылуы.
САЙБАСЫ
– Бөрлі ауданының елді мекені. 
САЙҚҰДЫҚ
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ, Казталовка аудандарындағы елді мекендер. Су 
ащы жерлерде құдық су жиналатын ойпаттан, сайдан қазылады. Әдетте, мұндай жерлерге қар 
суы жиналатыны белгілі. 
САЙҚЫ
– Сырым ауданындағы елді мекен. Сайқы және Сайқын атаулары – мағыналас сөздер.
САЙҚЫН
– Орал қаласының оңтүстік-батысындағы көл және Бөкей ордасыауданының 
орталығы. Сайқын атауының төңірегінде түрлі талас пікірлер бар.
1)
Ә.Әбдірахманов бұл топонимді қалмақтың «сәәхи» - «әдемі» деген сөзінен 
шыққан деп есептейді. Шынында да, жан-жағын құм қоршаған шөлдегі көл де, сайын далаға 
көлбей сұлаған Нарын құмының бұйраттары да әдемі көрінетіні рас. Алайда, бұл сөздің 
көптеген түркі тілдерінде кездесуі оның түркі-моңғол тілдеріне ортақ сөз екендігін көрсетеді. 
Сайқы сөзі моңғол тілінде де бар. Мысалы, Сібірдегі Сайқы өзенінің атауы моңғол тілінен 
енген.
2)
Е.Қойшыбаев бұл атауды Алакөл ылдиынан соғатын Сайқан желінің атауымен 
байланыстырады. Сайқан деп Семей, Талдықорған жерлерінде соғатын дүлей желді айтады. 
Бұл жерлерде «Сайқан желінің ылаңы» деген тіркес те бар. Е.Қойшыбаев Сайқан, Сайқын 
тұлғаларының бір ұғымның екі түрлі айтылуы деп есепиейді. Бірақ ғалымның бұл пікірімен 
келісі қиын. Орда ауданында оңтүстік-шығыстағыдай дүлей жел соқпайды. Нарын құмы – 
ежелден мал қыстағына қолайлы жер. Қысы жайлы, өткір, өкпек желі болмайды.
3)
Сайқын атауы қазақ тіліндегі «сайын дала» (кең дала) деген тіркесінің 
құрамындағы сайын // сайхын өзгерістері нәтижесінде пайда болған деген тұжырым шындыққа 
келеді. Бұл өзгеріс көне дәуірлерде қалыптасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет