ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


ТАСАҢҒАР – Сырым ауданындағы елді мекен.  ТАСЕМЕН



Pdf көрінісі
бет227/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

ТАСАҢҒАР
– Сырым ауданындағы елді мекен. 
ТАСЕМЕН 
– Шыңғырлау ауданындағы елді мекен. 
ТАСКҮТІР
– Казталовка ауданындағы елді мекен.
ТАСҚАЛА
– Тасқала ауданының атауы.
ТАСҚҰДЫҚ
– Сырым, Ақжайық аудандарындағы елді мекен.
ТАСМОЛА
– Шыңғырлау ауданындағы елді мекен. 
ТАСШЕГЕН
– Сырым ауданындағы елді мекен. 
ТАСТӨБЕ
– Казталовка, бұрынғы Жалпақтал аудандарындағы елді мекен.
ТАСОБА
– Казталовка, Ақжайық аудандарындағы елді мекен. 
ТАУ 
– Жәнібек ауданындағы елді мекен. Тау детерминативі тура мағынада қолданылып
топоним қызметінде жұмсалып тұр. 
ТАУБАЙ 
– Сырым ауданындағы елді мекен. 
ТӘЖІБЕК
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Адам атына 
байланысты қойылған антропотопоним. 
ТӘКЕН
– Тасқала ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним.
ТӘЛІК
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты 
қойылған антропотопоним.
ТӘНІШКЕН
– Шыңғырлау ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған 
антропотопоним.
ТЕҢІЗШІ
– Жәнібек ауданындағы елді мекен. 
ТӘТКЕН
– Жәнібек ауданындағы елді мекен. 
ТӘТЕНТАУ 
– Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы таудың аты. Адам атына 
байланысты қойылған ороним.
ТЕГІСЖОЛ 
– Теректі, бұрынғы Ақжайық ауданындағы елді мекен. 
ТЕГІСШІЛ
– Жәнібек ауданындағы елді мекен.
ТЕКЕ 
– Жайық қалашығының көне атауы. Теке топонимі төңірегінде айтылған пікірлер 
аз емес. Орынбор, Орал өлкелеріне экспедициямен шыққан белгілі орыс саяхатшы ғалымы 
П.И.Рычков Теке сөзінің түркімендерде кездесетін ру атауы екендігін айтады. Түркімендер мен 
қазақтарға ортақ тайпа, ру атауларының бар екендігі М.Н.Галкиннің еңбегінде де көрсетіледі. 
Оның 1867 жылы шыққан «Этнографический материалы по Средней Азии и Оренбургскому 
краю» деген еңбегінде Кіші жүз қазақтарында кездесетін Алаша руының түркімендердің Теке, 


143 
Саррық, Ерсары тайпаларында кездесетінін айтады. Облыс территориясында Ерсары Аңқаты 
деген гидроним де бар. Мұның өзі түркі тектес екі халықтың генеологиялық тегінің бір 
екендігін растайды. Теке руының Ұлы жүздегі Шапырашты тайпасында да бар екендігі 
С.М.Абрамзонның еңбегінде айтылады.
Т.З.Рысбековтың «Өскен өлке тарихы» кітабында Теке (текке) сөзінің түрік тілінде 
мешіт, діни орын деген мағынаны білдіретінін айта келіп, «берідегі Орал, әрідегі Текке қаласы 
оғыз дәуірінде пайда болған қазақтардың, жалпы түрік тілдес тайпалардың үлкен діни орнына 
айналған орталығы болды» деген тұжырым айтады. Қазіргі қазақ тіліндегі жер-су атауларының 
құрамында ру, тайпа, тайпалық одақ атауларының мол кездесетіндігі талас тудырмайды. 
Мұның өзі – қазақ тілінің топожүйесінде қазақ халқының генетикалық таңбасының ізі анық 
байқалатындығының белгісі. Топонимдердің құрамындағы этнотопонимдер күрделі де 
маңызды топ құрайды. Оны бірлі-жарым пікірлермен шектеуге болмайды. Себебі ұлттық 
этногенезис – өте күрделі мәселе. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет