ТӨЛЕГЕН
– Сырым ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
ТӨЛЕПБЕРГЕН
– Теректі ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
ТӨЛЕПТҮБЕК
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты
қойылған.
ТӨЛЕУЖАН
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты
қойылған антропотопоним.
ТӨЛЕН
– Қаратөбе ауданындағы елді мекен. Төлен, Төленкөл, Төленқора атаулары
Алаша руының Байторы бөлімінен шыққан Төлен есімді адамның атына байланысты, бір
сөзден қалыптасқан антропотопонимдер.
ТӨЛЕНКӨЛ
– Қаратөбе ауданындағы көл.
ТӨЛЕНҚОРА
– Қаратөбе ауданындағы елді мекен.
ТӨЛЕУҚҰДЫҚ
– Қаратөбе ауданындағы жер аты. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
ТӨМЕНГІСАЙ
– Қаратөбе ауданындағы көл.
ТӨҢКЕРІС
– Теректі ауданындағы елді мекен.
ТӨРАҒАШ
– Казталовка ауданындағы елді мекен.
ТӨРШІН
– Тасқала ауданындағы елді мекен.
ТӨРЕБАЙ
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
ТӨРЕҒАЛИ
– Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен. Адам атына
байланысты қойылған антропотопоним.
ТӨРЕ
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Төре руының атауы негізінде
қалыптасқан генотопоним.
ТӨРТБӨГЕТ
– Тасқала ауданындағы гидроним.
ТӨРТҚҰЛАҚ –
Жаңақала ауданындағы елді мекен.
ТӨРЕҚҰДЫҚ
– Казталовка, бұрынғы Жалпақтал ауданындағы елді мекен.
ТӨРТҚАШАР
– Казталовка ауданындағы елді мекен.
ТӨРТПІШЕН
– Казталовка ауданындағы елді мекен.
ТРЕКИНО
– Зеленов ауданындағы елді мекен.
ТУЛАҚБАЙ
– Казталовка ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
Достарыңызбен бөлісу: |