149
ШӘКІР
– Ақжайық ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
ШӘКІРАТА КӨЛІ
– Жәнібек ауданындағы көл. Адам атына байланысты қойылған
гидроним.
ШӘМШУАР
– Жаңақала ауданындағы елді мекен.
ШӘРІМБЕТ
– Жәнібек ауданындағы сай. Адам атына байланысты қойылған.
ШӘРІП
– Бөрлі ауданындағы елді мекен. Адам атына байланысты қойылған
антропотопоним.
ШЕБЕР
– Ақжайық, бұрынғы Тайпақ ауданындағы елді мекен.
ШЕГЕН
– Казталовка ауданындағы елді мекен. Шеген детерминативінің топоним
ретінде тура мағынады қолданылуы.
ШЕГЕНҚҰДЫҚ
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен.
ШЕРУ
– Жаңақала ауданындағы елді мекен.
ШЕРКЕШ
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. Кіші жүздегі Шеркеш руының
атына байланысты қойылған генотопоним.
ШЕТЕН
– Казталовка ауданындағы елді мекен. Шетен жас талдың бұтақтарынан
тоқылады. Оны жергілікті халық құрылыс материалы ретінде пайдаланады. Шетеннен аула,
қора тұрғызылады, құмды жердегі құдықтың түбі қапталады.
ШИРАҚКӨЛ
– Теректі ауданындағы гидроним.
ШИЛІ
– Шыңғырлау, Сырым, Қаратөбе аудандары арқылы ағатын өзен және
Шыңғырлау ауданындағы елді мекен атауы. Жағасында өсетін ши өсімдігіне байланысты
берілген гидроним.
Достарыңызбен бөлісу: