ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


ШОҢАЙ –  Бөкей ордасы ауданындағы гидроним және елді мекен.  ШОНҚАРА



Pdf көрінісі
бет240/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

ШОҢАЙ – 
Бөкей ордасы ауданындағы гидроним және елді мекен. 
ШОНҚАРА
– Зеленов ауданындағы этнотопоним. 
ШОРА
– Қаратөбе ауданындағы елді мекен. 
ШОРТАНКӨЛ
– Жаңақала ауданындағы зоогидроним. 


150 
ШОРТАНДЫ
– Казталовка ауданындағы елді мекен, зоотопоним. 
ШӨПТІКӨЛ
– Қаратөбе ауданындағы көл және елді мекен атауы. 
ШӨМІШКӨЛ
– Қаратөбе ауданындағы көл. Гидронимнің құрамындағы шөміш сөзі 
«ожау ыдыс» мағынасын береді және қазіргі қазақ тілінде көп қолданыла бермейді. 
Семасиологияның ұқсату заңы сәйкес, көл атауы оның шұңғыл ыдыс тәріздес болып келуіне 
байланысты қойылған.
ШҰБАРАТ
- Ақжайық ауданындағы елді мекен. 
ШҰҒЫЛА
- Теректі ауданындағы елді мекен. 
ШҰҒЫЛ
– Қаратөбе ауданындағы елді мекен. 
ШҰҚЫРКӨЛ
– Қаратөбе ауданындағы көл. Көлемі шағын және терең болып 
келетіндіктен Шұқыркөл атанған. 
ШҮҢКІЛДЕК
– Қаратөбе ауданындағы көл. Гидроним дыбысқа еліктеуден пайда 
болған.
ШҮНТІК
– Жәнібек ауданындағы елді мекен. 
ШЫБЫН
– Ақжайық, Казталовка аудандарындағы елді мекендер. 
ШЫҒАНАҚ
– Ақжайық ауданындағы елді мекен. 
ШЫМАН
– Казталовка ауданындағы елді мекен. Шыман – құмырсқаның ең ұсақ түрі. 
ШЫМҚҰДЫҚ
– Бөкей ордасы ауданындағы жер аты. Түбі шыммен өрілген құдық 
ұғымын береді.
ШЫМТЕЗЕК
– Бөрлі ауданындағы елді мекен. 
ШЫНТАЙ 
– Қалдығайты өзеніндегі өткел атауы. 
ШЫНТЕМІР 
– Бөкей ордасы ауданындағы елді мекен. 
ШЫҢҒЫС
– Қаратөбе ауданындағы жер аты. 
ШЫРША –
Теректі, бұрынғы Ақжайық ауданындағы елді мекен. 
ШЫҢҒЫРЛАУ
– өзен атауы және Шыңғырлау ауданының атауы. Сыңғырлап аққан су 
дыбысына еліктеуден қойылған атау. Бұл атаудың қалыптасу тәсілін Ешқырғантау оронимінен 
де анық байқауға болады. Қараңыз: Ешқырғантау. 
ШІДЕРТІ
– Сырым, Ақжайық, бұрынғы Тайпақ аудандарындағы өзен және Сырым 
ауданындағы елді мекен атауы. Сһдерлү сөзі алтай тілдерінде «көлеңке» (имеющий покров, 
защиту, тень) мағынасын береді. В.Радловтың сөздігінде сүдер сөзіне «покров, тень» деген 
түсінік берілген. Сөйтіп, түркі тілдеріндегі көне –сүдер, -сидер, -шідер сөзі «жабын, көлеңке» 
мағынасын білдіреді де, -ты реликтілік жұрнағы арқылы «жабынды, көлеңкелі» ұғымы пайда 
болған. Шідерті атауы Қазақстанның басқа да аймақтарында (Павлодар облысында) кездесіп 
отыр. Негізінен жағасы қалың, көкорай шалғынды немесе өзенді жер ұғымында қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет