ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет248/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 


160 
Ш.Артығалиев көшесі – 
(бұрынғы Алтайская көшесі)
Артығалиев Шолақ – 15.01.1911 жылы Қаратөбе ауданы, Батпақкөл ауылында дүниеге 
келіп, 1990 жылы қайтыс болады.
1931 жылы Орынбор қаласында 2 жылдық халық ағарту оқу орнын бітірген соң, Батыс 
Қазақстан, Ақтөбе облыстарында комсомол қызметтерінде болған. 1937-1938 жылдары 
Жәнібек ауданында бірінші хатшы, 1945-1950 жылдары Талдықорған облыстық партия 
комитетінің, 1952-1957 жылдары Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы 
болып қызмет атқарған. 
1943-1945 жылдары Москвада Орталық комитетінің жоғары партия мектебін бітірген. 
1958-1962 жылдары Қазақ кәсіподақтар федерациясы кеңесінің хатшысы, 1962-1971 
жылдары Алматы облыстық кәсіподақ ұйымдары кеңесінің төрағасы болды. 
Бірнеше рет Орталық комитетінің съезіне делегат, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің 
депутаты болып сайланған.
Үш мәртебе «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше 
медальдармен марапатталған.
«Атамекен» шағын ауданы
– Круглоозерное кентінде орналасқан. «Туған жер», «Туған 
мекен», «Отан ана» мағынасындағы абстракты ұғым. 
Аязби көшесі -
Зашаған
 
кентіндегі 
 
жаңа көше атауы. 
Аяз би - «Жаман» - қазақ аңызының кейіпкері, ел басшысы, қоғам қайраткерінің халық 
қиялынан туған үлгі бейнесі. Аяз би өзінің ақылдылығы, даналылығы арқасында уәзір болады. 
Мадан ханның сынынан өтеді: оған шөп жаманы – қоға, құс жаманы – сауысқан екенін 
дәлелдеп беруі , ханның шартты жұмбағын шешіп, Меңдісұлуға үйленуі, күншіл, ақылсыз 
қырық уәзірді өлімнен құтқаруы - оның даналығын, достыққа адалдығын, әділдігін хан 
мойындап, Жаманды хан көтеруі сөз болады. Хан болған Аяз би өзінің қой баққандағы жыртық 
шапанын хан сарайы босағасына ілдіріп, соған көзі түскен сайын тәубесіне келуі халық 
даналығының көрінісі болып табылады. Аяз би есімі мыңдаған жыл өтсе де, өшкен жоқ. Ол 
туралы ертегілер, аңыз-әңгімелер ел арасында көп сақталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет