ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет249/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Қ.Ахмиров көшесі - 
(бұрынғы Сенная көшесі)
Ахмиров Қасым Шабанұлы (1932-1951) – Кеңес Одағының Батыры. Ұлты –татар. Батыс 
Қазақстан облысынан Қызыл армия қатарына алынады. Воронеж, Орталық, т.б. майдандарда 
ұрысқа қатынасып, жауынгерлік жорығын Берлинде аяқтады. 388-атқыштар полкінің взвод 
командирі К.Ахмиров Марково, Уросово, Колопеджи үшін болған ұрыстарда әскери-
ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді. Ол Қызыл Ту, 1-дәрежелі «Отан соғысы» 
ордендерімен марапатталған. 
Атырау көшесі 
- (бұрынғы Гурьевская көшесі)- Деркөл кентіндегі жаңа көше.
Ә 
 
Әділеттік көшесі –
(бұрынғы Больничная көшесі)- Деркөл кентіндегі жаңа көше.
 
Н.Әбдіров көшесі - 
(бұрынғы Огородная көшесі) 
Әбдіров Нұркен (1919–1942)- Кеңес Одағының батыры, әскери
 
ұшқыш. Жеті жылдық 
мектепті бітіргеннен кейін, Қарағандыдағы № 1 шахтада жұмыс істей жүріп, аэроклубта 
оқиды. 1940 жылы Орынбор әскери авиация училищесіне оқуға түседі. Соғыс басталысымен 
әуе атқыштар мектебіне ауыстырылады. Көп ұзамай Сібір қалаларының біріндегі ұшқыштар 
училищесіне қайта оқуға алынып, 1942 жылы шабуылдаушы – ұшқыш Н.Әбдіров оңтүстік-
батыс майданның 17-армиясы құрамындағы 167-авиациялық дивизияның 808-полкіне 
қабылданады. 
Н.Әбдіровке әскери міндетін атқару кезінде көрсеткен ерен ерлігі үшін 1943 жылы 31 
наурызда Кеңес Одағының батыры атағы беріледі. 


161 
Әбілқайыр хан даңғылы - 
(бұрынғы Кутяков көшесі)
Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан (1693 — 12.08.1748) - хан, қолбасшы, 1718—1748 
жж. билік құрған адам. Батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра 
білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болады. 
Жошының бірінші ұлы Орда-Еженнен тарайтын — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы. 
1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы 
және хан болып сайланады, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды. 18 
ғасырда қазақ халқы жоңғарлар тарапынан болған шабуылдар халықты көп күйзеліске 
ұшыратады. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан 
және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түседі. Бұл қалалар 
жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан 
шегінуге мәжбүр болады. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері бар 
жоңғарлармен қанды шайқас жүргізеді. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан 
құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас 
қолбасшысы етіп сайлайды. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы 
оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді: «
Ол зор 
тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор 
денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең 
келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы 
лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы 
қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін Кіші орда оны хан сайлады» деп 
жазады.
1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, 
Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болады, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы 
басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіске 
қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. 1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік 
шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауды тағы талқандап, 
жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты.
Билік басына Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан келеді, жаңа ханды Әбілқайыр 
құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен Кіші жүзге келеді. Осыдан соң 
біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастайды. Күллі қазақтың әскері ыдыраған 
соң, әр жүз жаудан жеке өзі қорғануға тура келеді. Бұл кезеңде Кіші жүз тұрғындары өте ауыр 
әскери жағдайға тап болды, төрт жағынан бірдей қоршаған жаудың қыспағында қалады. 
Тығырыққа тірелген Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды. 1731 жылы Ресей 
сыртқы істер министрлігінің М. Тевкелев бастаған елшілігі Ырғыз өзенінің бойындағы 
Майтөбе деген жерде отырған Әбілқайырдың ордасына келіп, қазақ ұлысын Ресей құрамына 
алу туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайыр 1731 жылы қазанның 10 күні Ресей империясының 
қарамағына кіргендігі жөнінде ант береді. Бұл антты 1738, 1740, 1742 жж. қайталады. Ант беру 
арқылы ол Ресеймен тату тұруды, орыс қарамағындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының 
қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер 
мен қалаларды қайтып алуды көздеген. Осылай өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын 
біріктіріп, ел билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен 
қалдыруды жүзеге асырмақ болады. Сөйтіп, ол жеке мүддесімен қатар халықты апаттан 
сақтауды да ойлайды. Алайда Ресей саясаты тереңде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей 
отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербор сарайы мен оның Орынбор әкімшілігінің саясатын дер 
кезінде түсінді. Ханның өз ұлы Қожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей әкімдерімен 
тартысы, императрицалар Анна Ивановнаның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына 
мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау 
бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығын байқатады. Орыс 
үкіметімен әр түрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр жоңғар қоңтайшысы Қалдан Серенмен 
астыртын байланыста болады. Жоңғар шапқыншылығы әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ 
салуға тырысады. 1740 жылы Хиуаны басып алып, аз уақыт осында хан атанады. Бірақ 
Иранның Нәдір шахынан ығысып, тастап шығуға мәжбүр болды. Әбілқайыр үш жүздің қадірлі 
билерімен, белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. 
Өзінен жас, беделі өсіп келе жатқан Абылаймен әр кезде түсінісе біледі. Абылайдың бір әйелі 
Қарашаш — Әбілқайырдың қызы. Әбілқайырдан көптеген ұрпақ қалған. Әбілқайырдың 


162 
моласы Қабырға өзенінің Өлкейекке құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 км жерде, бұл жер 
«Хан моласы» деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет