ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Әбубәкір Кердері көшесі -



Pdf көрінісі
бет250/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Әбубәкір Кердері көшесі - 
(бұрынғы Суров көшесі)
Әбубәкір Кердері Боранқұлұлы /1868-1905/ ақын, шешен, қазақ поэзиясындағы 
философиялық бағытты қалыптастырушылардың бірі, ұлы ақын Абай дәстүрі мен ХХ ғасыр 
басындағы демократ ақын-жазушылар шығармашылығын байланыстырушы. 
Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының толғау, термелеріндегі заман зары, отарлық езден 
азып-тозып бара жатқан қазақ елінің тағдыры туралы күйзеліс («Заманның опасыз халіне 
айтқан өлеңі», «Өткен еміншілік заманды жоқтап айтқан толғауы», т.б.)Адам өмірінің тарихы 
туралы философиялық толғау бар. («Сырқат болып жатқанда айтқан өлеңі»). Айтыстары: 
«Кердері мен Құлымбет», «Қожахмет пен Кердері Әбубәкір», жұмбақ айтыстарындағы өмір 
құбылыстарын баламалай, мегзей бейнелеу шеберлігі болған. Ақын шығармаларының тілдік 
өрнектері, көркемдік ерекшеліктері, бейнелілік сипаттары көркем.
Әл-Фараби көшесі
– Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Сарытау» шағын 
ауданындағы жаңа көшеге берілген атау.
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.:يبارافلا دمحم رصن وبأ ) 
Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад 
Тархан ибн Узлағ әл-Фараби
- әлемг әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, 
астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.
Әбу Насыр Әл-Фараби 
Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби
 870 жылы, 
Отырар қаласында Әскербасының отбасында дүниеге келіп - 950 ж Сирия, Шам қаласында 
дүниеден өткен.
Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), 
Бағдад шаһарларында білім алған. 
Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-
ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде 
Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби 
Орта Азия, Парсы, Ирак, Араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол 
жерлерде 
көптеген 
ғұламалармен, 
ойшыл-ақындармен, 
қайраткерлермен 
танысып, 
сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп 
ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, 
математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. 
Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау 
жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты 
басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің 
“Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан 
өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының 
аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған 
жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдадқа 
кетеді. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен 
мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез 
санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден 
бастап Әбу Насыр Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады. 
Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің 
құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Әбу Насыр Әл-Фараби бүкіл 
исламғалымдарына парыз болған — иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле 
еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран 
Кәрім мен Хадис Шариф — парыз-сүннет амалдарына негіздеп отыруы) жолына түскен.
Кеңес өкіметі тұсында атеистік идеологиканың ықпалымен әл-Фараби діннен тыс ғалым 
ретінде көрсетілді. Әйтсе де оның ислам бірлігін сақтауға қосқан зор үлесі туралы мынадай 
дерек сақталған. Тегі түркі болып табылатын баһадүр қолбасшыМұхаммед Ихшид ибн Тұғыт 
Әмір ислам жолын бұзған “қармат” елін талқандаған соң, Әбу Насыр Әл-Фарабимен кездеседі. 
Меккеге барар жолды кесіп “қажылық” жасауға мұрша бермеген қарматтардың жеңілгеніне 
қуанған Әбу Насыр Әл-Фараби іштей “қажылық” етуге ниет етіп, араб халифының саид-


163 
задаларымен әңгімелеседі. Осы әңгімеде ғалым ислам бірлігін сақтау үшін мазһабтар арасын 
жақындастыру керек деген ой айтып, өзінің араб, парсы және түркі нәсілдері арасындағы 
алауыздықтарды жоюға күш салып жүргендігін мәлімдейді. “Бабалардан қалған өсиетте түркі 
халқы әділетшіл делінген еді. Сол сөздің ақиқаттығы мен әділеттілігіне енді көз жеткізіп 
отырмыз” деп Саид-задалар Әбу Наср Әл-Фарабидің қолын құрметпен қысады. 
Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң 
ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен 
шұғылдануға кіріскен. Фарабидің алғашқы ұстаздары Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” 
демей, “пайғамбар” деп таныған несториандық христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы мен 
араб ғылымының арасын қосқан осылар еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы — екі әлемнің: 
көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара 
байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, 
тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия,логика, этика, эстетика, саясат, 
социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, 
астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары 
салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты. Әбу Наср 
Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің 
мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді 
саралады.
Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға 
жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға 
жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт 
талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды 
әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді.
Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта 
айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал 
қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен 
тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған 
адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. 
Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана 
байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам 
тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды. 
Орта ғасырдағы медицина мен философияның дамуына "Медицина каноны" атты және 
басқа да еңбектерімен сүбелі үлес қосты.
 
Әл-Фараби өмір сүрген заманда жаратылыстану ғылымының дамыған саласының бірі 
медицина болды. Оны сол кезде «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол «Медицинаның 
міндеті - тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау 
жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді» - деп көрсеткен. Әл-Фараби - артына ірілі-ұсақты 
150- ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет