ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Б  А. Байтұрсынов атындағы көше -



Pdf көрінісі
бет253/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Б 
А. Байтұрсынов атындағы көше - 
Зашаған
 
кентіндегі 
 
жаңа көше атауы. 
 
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай 
өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келіп, 1938 жылы репрессия құрбаны болды. Әкесі 
Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен 
оның ағайындары патша өкіметінің өкілі – уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. 
Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық 


166 
ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен 
көріп, көңіліне ой ұялатады. 
XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар, ауқымды 
рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның 
туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге 
ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы 
топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді.
Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-
реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық
демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның 
төлбасы болатын.
Табиғатынан зерек, әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл 
адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 
1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 
жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. Ұлы ағартушы Ыбырай 
Алтынсариннің үлгісінде жұмыс істейтін, игі дәстүрлері мол жаңаша мектептер саны көбейген 
болатын. Міне, осы тәрізді оқу орындарында оқып, сапалы білім алып шыққан Ахмет 
Байтұрсынұлы 1895 жылдын 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық қызметін бастайды. 
1895-1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде, 
екі сыныптық училищелерде сабақ береді.
Мұғалім бола жүріп, халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің 
мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын 
жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. Өзінің 
білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық аңсаған, күреске үндеген 
өлеңдер жазады. Соның салдарынан 1910 жылы Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, 
Орынбор қаласына келеді.
1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы болады, газет 
бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға 
шақырады.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет 
Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы 
көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш Халық ағарту министрі, Қазақстан 
академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының 
профессоры қызметтерін атқарады.
Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 
жылы жазықсыз ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет 1936 жылы елге 
қайтып оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады. 
Алаш қозғалысының көсемі ретінде "халық жауы" деп танылған. А.Байтұрсыновтың 
есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек тәуелсіз Қазақстан 
жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы 
ақталғаннан кейін А.Байтұрсынұлы шығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) 
жарық көрді.
Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген 
алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар 
жинақталды. Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағын 
жария етті. Әсіресе, 1913 жылы жазылып, "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақтың бас 
ақыны" атты мақаласы Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты.
Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы "Ер Сайын" 
жыры, 1926 жылы "23 жоқтау" кітаптары жарық көрді. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің ұлы 
түрлендіруші-реформаторы, теоретигі әрі қазақ тілі білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген 
көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл 
әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа 
әліпби" (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік 
мәселелерін кеңінен талдап берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет