ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Ә.Бөкейханов атындығы көше -



Pdf көрінісі
бет261/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Ә.Бөкейханов атындығы көше - 
Зашаған
 
кентіндегі жаңа көше атауы. 
Әлихан Бөкейханов
 
1866 жылы Қарқаралы ауданы Карағанды облысында дүниеге 
келген. Ол көрнекті қазақ ғалымы және мемлекет қайраткері. Ғылыми жұмыстармен 
айналысқан. Ол - «Россия. Общегеографическое описание нашей Родины» жұмысының 18 
кітабы авторының бірі. 1905 жылдан бастап Ә. Бөкейханов кадет партиясының мүшесі болған. 
Отаршылдыққа көрсеткен қарсылығы үшін Семей мен Павлодар қалаларында абақтыда 
жазасын өтеді. 1913 жылдан бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов «Қазақ» газетін 
шығара бастайды. Газет беттерінде халыққа білім беру, оның сана-сезімін ояту туралы 
мақалалар жарық көреді. «Алаш» партиясының бағдарламасы авторының бірі. 1937 жылы 
қуынға ұшырап, атылған. Кейін ақталды.
Е.Брусиловский атындағы көше -
Зашаған кентіндегі орталық көше атауы.
Евгений Брусиловский (12.11.1905-9.05.1981) - қазақ композиторы, қазақ кәсіби 
музыкасының негізін қалағандардың бірі. Қазақ ССР-ның халық әртісі. Ол «Қыз Жібек», 


173 
«Жалбыр», «Ер тарғын» атты алғашқы қазақ операларын, қазақ музыкасы негізінде «Дудар-ай» 
қазақ және орыс халқының достығын бейнелейтін «Амангелді» (М.Төлебаевпен бірге) тарихи-
әлеуметтік тақырыпта «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» балеттерін, жалпы қазақ халқының 250 әні 
мен күйін жазған адам.
 
М.Бутин көшесі -
(бұрынғы Крылатская көшесі) 
Мәжікен Есенұлы Бутин (1910-1974ж.ж) 1910 жылы Батыс Қазақстан облысының 
Жаңақала ауданында туған. Ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, 
Қазақстанның еңбегі сіңген экономисі. 
1931 жылы Ленинградтың тұтыну – кооперативтік институтын, 1931 жылы Мәскеу 
экономика және тауартану институтының аспиратурасын бітіріп, еңбекке араласқан. 
1933-1940 жылдары Ресейдегі Челябинск және Алматы қалаларындағы жоғарғы оқу 
орындарында, 1941-1943 жылдары ССР Ішкі істер халкомы жүйесінде жауапты қызмет 
атқарған. Бұдан кейін өмірінің ақырына дейін өз республикамызда басшылық қызметтерде 
істеген. 1945-1954 жылдары Қазақ Республикасы тамақ өнеркәсібі министрі, 1954-1957 
жылдары Целиноград (қазіргі Ақмола) облыстық атқару комитетінің төрағасы, 1957-1967 
жылдары Қаз МУ-де және Алматы халық шаруашылығы институтында кафедра меңгерушісі 
болады.
ҚазМу-де республикадағы тұңғыш бухгалтерлік есеп кафедрасын ұйымдастырады. Осы 
саланың мамандарын даярлауға қосқан үлесі зор. Бірнеше оқулықтың авторы. Ордендермен, 
медальдармен наградталған. 1967-1974 ж.ж. Қазақ Республикасы тамақ өнеркәсібі министрінің 
бірінші орынбасары болып қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет