ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет260/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

Береке көшесі

«Бәйтерек» шағын ауданындағы жаңа көше. Ырыс, молшылық 
мағынасындағы абстракты ұғым. 
Баубақша көшесі -
(бұрынғы І-ші Садовая көшесі)- Деркөл кентіндегі жаңа көше.
Бақшашылар көшесі
- (бұрынғы 2-ші Садовая көшесі) - Деркөл кентіндегі жаңа көше.
Болашақ көшесі - 
Ветелки ауылындағы бұрынғы Центральная көшесі. 
Болашақ
көшесі
- Зашаған кентіндегі жаңа көше. Алдағы жарқын өмірді білдіретін 
абстракты ұғым.
Бөкен би атындағы көше -
Зашаған кентіндегі жаңа көше.
Бөкен би - дипломат, би, мәмілегер. Бөкен Қосалұлы шамамен 1663, Атырау облысы, 
Қызылқоға ауданы, Қарабау елді-мекенінде дүниеге келіп, 1756 ж дүниеден озған. Әз Тәукенің 
«Жеті Жарғы» заңының халық арасындағы сенімді жаршысы, насихаттаушысы. 1730-59 
жылдары Еділ қалмақтары мен жоңғарларға қарсы соғысқа қатысқан. Сырым батыр осы Бөкен 
биден бата алған деседі. Деректерде Бөкен ел мен елдің арасын жақындастырған мәмілегер 
ретінде көрінеді. 1731 жылы Ресей патшасынан қысым көрген башқұрттардың Әбілқайыр 
басқарған қазақ хандығына қосылмақ ниетіне қолдау көрсеткен. Башқұрттардың Ағиапхан мен 


172 
Қарасақал деген батырларын Қазыбек би мен Сәмеке ханға жеткізіп, башқұрттарға көмек 
беруді өтінген. Қайтыс болар алдында Бөкен: «Мені жұртымнан бөлек биік төбеге емес, 
төмендегі көппен бірге жерлеңдер, басыма қақырайтып тас қоймаңдар. Тау да құлайды, тас та 
мүжіледі, сарқылмайтын күш халықта. Менің атым таста қалмай, халықтын есінде қалса 
болады» деген өсиет қалдырған. Бөкен бидің зираты - Қарабаудағы Өтей қорымында. 
Бопай ханым атындағы көше –
Зашаған кентіндегі жаңа көше атауы.
Бопай, Бәтима (шамамен 1690 – 31.5.1780, Батыс Қазақстан облысы, Елек өзені бойы) – 
ханым, Әбілқайыр ханның зайыбы, ел басқару ісіне араласқан қайраткер, мәмілегер. Төре 
тұқымынан. Бопай күйеуі Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық казактарының орыс 
бодандығындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, 
жоңғарларды түпкілікті талқандау екендігін және бұл күрделі мәселелерді уақытша болса да 
Ресей империясына бодан болу арқылы шешуге тырысқандығын терең ұғынған. Сондықтан да 
Әбілқайырдың осы бағыттағы саяси қадамдарына қолдау көрсеткені ханымның 1731 жылы 22 
қарашада орыс патшайымы Анна Ивановнаға, 1748 жылы 5 қазанда Елизавета Петровнаға, әр 
уақытта Орынбор әкімшілігінің басшыларына жазған хаттарынан айқын көрінеді.
Күйеуінің қазасынан кейін де Бопай өзінің ұстанған бағытынан таймайды. Әбілқайыр 
саясатының өз жалғасын табуы баласы Нұралының әке орнын басуына байланысты екендігін 
терең ұғынған. Бопай батыл әрі ойлап-пішілген қадамдар жасайды. Орта жүз бен Кіші жүздің 
беделді билері мен батырларының Нұралыны хан көтеруге келісімін алғаннан кейін ғана, 
Бопай патшайым Елизавета Петровнаға келесі күні бригадалық генерал А.Тевкелев пен 
Орынбор губернаторы И.Неплюевке қисынды өтініш хаттар жолдайды. Осы хаттарды жеткізу 
үшін аталмыш екі жүздің 8 беделді биі Орынборға, одан кейін Санкт-Петербургке аттанады. 
Нұралыны «Қырғыз-қайсақ ханы» етіп бекіту туралы Елизавета Петровнаның 1749 жылғы 2 
мамырдағы жарлығы, онда Бопай ханымның хатына да сілтеме жасауы, канцлер Бестужев-
Рюминнің Бопайға арнайы хат жазып, патшайым атынан сыйлық жолдауы ханым саясатының 
жеңісі еді. 
Бопай Әбілқайыр әулетінің дәрежесі мен беделін көтеруге ұмтыла отырып, орынсыз 
қантөгістің болмауын, ел іргесінің сөгілмеуін қалайды. Сол үшін де ол күйеуінің кегін алуға 
«аттандатпай», Барақ сұлтанды жазалауды орыс әкімшілігі арқылы заңдастырып алуға 
тырысады. Қоғам дамуының негізгі көзі тыныштық өмір екендігін, тірлігін ат үстінде өткізген 
халықтың болашағы бұлдырлығын ұғынған ханым орыс әкімшілігін Елек өзені бойында қала 
салдыртуға да үгіттейді. 
Бопай орыс-қазақ қатынастарындағы және сол кездегі қазақ қоғамындағы шешімін 
таппай жүрген кейбір мәселелерді талқылау үшін Орынбор әкімшілігінің басшыларымен 
кездесіп, келіссөз жүргізгісі келеді. 1740 жылы Санкт-Петербургке ресми сапармен барып, 
Анна Ивановнаға жолығу ниеті де болған. Бопайдың зеректігі мен тапқырлығы жөнінде 
ағылшын суретшісі Дж.Кэстльдің, Әбілқайыр ордасында болған орыс шенеуніктерінің 
жазбаларында біршама деректер келтіріледі. Тарихи құжаттармен жақсы таныс А.И.Левшин 19 
ғасырдың 30-жылдарында: «Бопай. өзінің ақылдылығы арқасында бүкіл Кіші жүздің құрметіне 
бөленді және кейде оны басқаруға үлкен ықпал етті» деп жазған. Бопай Елекке құятын Жосалы 
өзенінің жоғарғы жағындағы қорымда жерленген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет