В Н.Видяшев көшесі - (бұрынғы Столбовая көшесі)
Видяшев Николай Тимофеевич (1903-1940) – Кеңес Одағының Батыры.
1939 жылы Фин соғысында 257 – атқыштар полкін басқарып, 1940 жылы қаза тапқаннан
кейін ұрыстағы ерлігі үшін Батыр атағы беріледі. Выборг қаласының бауырластар зиратында
жерленген.
Ф.Волков көшесі - (бұрынғы Взлетная көшесі )
Волков Филипп Григорьевич (1901-1949) – Кеңес Одағының Батыры. Балалық шағы
Бөрлі ауданында өткен. Чехословакияны гитлершілдерден азат етуде, 1945 жылы эскадронды
Морава өзенінен өткізуге көмектесіп, ерлік көрсеткен адам.
Г Н. Гастелло көшесі Гастелло Николай Францевич -26.06.1905 ж Москвада дүниеге келген. Совет Одағының
әскери ұшқышы, капитан, Кеңес Одағының батыры. 1928 жылдан . КПСС мүшесі. Москва-
Қазан теміржолында вагранщик және Муромда теміржол шебері болып істейді. 1939 жылы
Әскери ұшқыштар мектебін бітіргеннен кейін Халқын-Голдегі ұрысқа, 1939-40ж. совет-
финляндия соғысына қатысады. Ұлы Отан соғысында 42-бомбалаушы авиадивизияның 207-
авиаполкінде эскадрилья командирі болды. 1941ж 26 маусымда капитан Гастеллоның
эскадрильясы Молодечно-Радошковичи жол бойын бомбалау кезінде самолетінің бензин
багына снаряд тиеді. Сол мезетте өзін құрбан етіп, лаулап жанған самолетін жау машиналары
шоғырланған жерге бағыттап, қаһармандық ерлікпен қаза табады.
Г.Губаров көшесі - (бұрынғы Новая көшесі)
Губаров Григорий Миронович (1925-1998) – Кеңес Одағының Батыры. 1943 жылы Қызыл
армия қатарына шақырылған. Ленинград түбінде майдан жолын бастап, Новгород қаласын азат
ету кезінде ауыр жарақаттанған. Польша жерін басқыншылардан азат етуге қатысқан. 1945
жылы Висла-Одер операциясы кезінде ерекше ерлік көрсеткен. Бірнеше ордендер мен
медальдардың иегері.
А.Гребнев көшесі - (бұрынғы Кавказская көшесі)
Гребнев Андрей Феоктистович (1912-1973) – Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор.
Ол кеңес-фин және Ұлы Отан соғыстарына қатысқан. Белоруссияны азат ету шайқасында полк
командирі, кейін дивизия командирі болады. Барановичи, Слоним, Волковьск қалаларын азат
етуде ерекше ерліктер көрсетеді. 1945 жылы сәуірде оған Батыр атағы беріледі. 2 мәрте Ленин
және бірнеше орден, медальдармен марапатталған.