ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Академик Ғ.Бияшев көшесі -



Pdf көрінісі
бет259/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
Академик Ғ.Бияшев көшесі - 
(бұрынғы Анапская көшесі)
Ғақаш Бияшев (1906-1987) - ботаник-ғалым, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, 
профессор, өсімдіктердің селекция маманы. Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі
Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері.
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Қамысты аулында дүниеге келген. Орта Азия 
мемлекеттік университетін, Бүкілодақтық мақта шаруашылығы ғылыми- зерттеу 
институтының (ташкент) аспирантурасын бітірген.
1931-36 жылдары Аққабақ тәжірибе станциясында ғалым- хатшы, Бүкілодақтық мақта 
шаруашылығы ғылыми- зерттеу институтының ғылыми қызметкері болып істеген.
1939-50 жылдары Қазақстандағы мақта жоңышқа тәжірибе станциясының (Шымкент) 
ғылыми қызметкері және Қазақ егіншілік ғылыми- зерттеу институтының бөлім меңгерушісі, 
директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. В.И.Ленин 


171 
атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы академиясы Қазақ филиалының секция 
меңгерушісі. 1950-57 жылдары Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы университеті 
кафедрасының меңгерушісі, 1957-61 ж қызметкері Қазақ ауыл шаруашылығы Ғылым 
академиясының вице-президенті, 1961-65 ж Қазақ мемлекеттік университетінің кафедра 
меңгерушісі, 1978 ж Қазақ ССР Ғылым академиясының Ботаника институтының гетерозис 
зертханасының меңгерушісі болады. Бидайды будандастырудың жаңа жүйесін жасаған адам. 
2006 ж туғанына 100 жыл толу құрметіне орай Орал қаласынан көше аты берілді.
Табын Бөкенбай көшесі - 
Зашаған кентіндегі
«
Болашақ» шағын ауданындағы жаңа 
көше атауы.
Табын Бөкенбай (т.ж.б.-1741) –
 
ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы аса көрнекті 
мемлекет қайраткері, батыр Әбілқайыр ханның Бас Сардары. Бөкенбай Қараұлы — он 
сегізінші ғасырда қазақ халқының бостандығы үшін күрескен, бүкіл қазақ халқының жауға 
қарсы көтерілуіне ұйтқы болған хас батыр, Кіші жүз ханы Әбілқайырдың оң қолы болған. 
 
Бөкенбай батыр 1669 жылы Ақтөбе облысының Мәртөк, Қобда аудандарының аймағында 
дүниеге келген деседі. 
1710 жылы Қарақұм Құрылтайында бас қолбасшы болып сайланған. 1726-1729 жылдарда 
жоңғарларға қарсы Бұланты, Бұлдырты, Аңырақай, Қалмаққырған, т.б. соғыстарда қол 
бастаған. Ол қазақ елінің Ресеймен ынтымақтасуына себепкер болған аса ірі саясат қайраткері 
болған. Кіші жүз хандығында Әбілқайыр ханнан кейінгі екінші мемлекет қайраткерлік 
дәржесіне дейін жетті. Ол сыртқы саясаттағы қызметтері арқылы ғасырларға созылған 
Қазақстан геосаясатының негізін қалаушылардың бірі болды. Бөкенбай, Әбілқайыр хан және 
олардың сенімді серіктері Тама Есет батыр, Жәнібек батыр, т.б. көрші мемлекеттермен 
дипломатиялық байланыс орнату арқылы үлкен саясаттың негізін салды. Ата-баба аңсаған 
Тәуелсіздікке әкелген ұлы жолда Бөкенбай сынды талай тарихи тұлғалар өткен.ХVІІІ 
ғасырдың басындағы әйгілі Аңырақай шайқасынан басталған қойылымда Қайып ханның, 
Барақ Сұлтан мен Сауран батырдың, Әбілқайыр хан мен Бөкенбай батырдың образдары 
көрінді. Бүкілқазақтық Қарақұм құрылтайында қазақ елінің алмағайып жағдайы сөз болғанда,
Ұлы жүз бен Орта жүздің бірсыпыра сұлтандары мен би, ақсақалдары Жоңғар хандығының қол 
астына ену, оның талаптарын орындау жайлы үн көтерді. Бұған Құрылтайға қатысушылардың 
көбі дерлік лықсып бара жатқанда Бөкенбай батыр Құрылтай ортасындағы айдынға атып 
шығып жалынды сөз сөйлеген, жоңғарларға бүкіл қазақ болып көтеріліп, ата-баба қонысын 
қорғау үшін күресуге шақырған. «Бөкенбай шоқысы», Байғанин ауданындағы «Мәстағат», 
«Бөкенбай қорымы», Жем өзеніне құятын Байсары Бөкенбай, Құр Бөкенбай, Ашылы Бөкенбай 
өзендері, Қобда ауданындағы «Бөкенбай асуы», Ақбұлақ ауданының терістігіндегі «Бөкенбай 
жазығы» деген жерлер осыдан қалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет