ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


Дәулетше Күсепқалиев көшесі



Pdf көрінісі
бет267/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
Дәулетше Күсепқалиев көшесі
- Орал қаласының Зачаганск ауылдық округі, «Арман» 
шағын ауданындағы жаңа көшеге берілген атау. 
 
Дәулетше Күсепқалиев
- Батыс 
Алаш орданың белгілі қайраткері Күсепқалиев 
Дәулетше 1870 жылы Екатеринослав уезі Старосербск қаласында туған. Тегі - төре, Нүралы 
ханның ұрпағы. Бала кезінде Болыстық орыс-қазақ мектебін біт
іріп, Мәскеудегі императорлық 
университеттің медицина факультетіне түседі. 
1900 жылы университетті үздік нәтижемен бітіреді. Сол жылы 
Орал облысы
Ілбішін 
уезіне, Қарағаш, Өлеңті, Жымпиты, Қалдығайты болыстарында дәрігерлік қызмет атқарады. 
1903 жылы 
Орал облысының
 Есбол, Қарабау, Тайсойған, Қызылқоға болыстарында 
дәрігерлік қызмет атқарады. 
1912 жылдан бастап Жымпиты земстволық ауруханасына меңгеруші болады. Дәрігерлік 
қызметін ықыласымен атқара жүріп, 
халыққа 
пайдалы істер істейді. Сонымен қатар 
Қазақстанда алғаш обаға қарсы зертхана ашқан. 
1915-1916 жылдары сауда, кәсіпкерлік ісінің дамуы үшін елеулі еңбек етті. Нар тұқымын 
жетілдірумен шұғылданды. Несиемен жұмыс істейтін шаруашылықтардың құрылуына, несие 
беретін ұйымдардың қалыптасуына жетекші болады. Ақпан төңкерісінен кейін әлеуметтік 
жұмыстарға араласады. 
1917 жылы 10 наурызда Жайық сырты қазақтары өкілдерінің жиналысында облыстық 
комитетке мүше болды. Сол жылы сәуірде өткен бірінші 
Орал облысы қазақтарының съезінде 
Орал облысы қазақ комитетіне мүше болды. 


177 
1917 жылы екінші жалпы
қазақ
съезінің хатшысы болды. 
Онда Алаш автономиясын 
кешіктірмей жариялауды жақтап дауыс береді. 1918 жылы Жайық сырты облыстық 
басқармасының мүшесі болады. Сол жылы мамырда Жымпитыда өткен төртінші Орал 
облыстық қазақ съезінде съез төрағасының орынбасары
міндетін атқарады. 
1918 жылы «Ойыл уәлаятының» Уақытша үкіметі кеңесіне мүше болады. 
Батыс Алаш 
орда таратылған соң кеңес үкіметінің қарауында қызмет атқарады. Бұл кезде ол өз мамандығы 
бойынша жұмыстар істейді. Қоғамдық жұмыстарға белсенді болмаса да, тәжірибелі маман 
ретінде оған Қазревкомның денсаулық сақтау бөлімі санитарлық-эпидемиологиялық қосалқы 
бөлімінің меңгерушісі, Тайпақ дәрігерлік бөлімінің меңгерушісі секілді жауапты жұмыстар 
жүктеледі. 
1928 жылы «жартылай феодал және бұрынғы Алаш орда қайраткері» ретінде ұсталып, 
Жетісуға жер аударылады. 
1934-1940 жылдары Қаскелең, Келес аудандарында, Семей облысы Абай ауданы 
ауруханасында бас дәрігер қызметін атқарады. 1944 жылы қайтыс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет