178
сайланады. 1956жылы Алматы қалалық партия комитетінің 2-хатшысы болған. «Халқым
үшін», «Под командованием Расковой» т.б. кітаптары жарық көрген.
Х.Досмұхамедов атындағы көше -
Зашаған кентіндегі жаңа көше атауы. Қазақстандағы
Алаш қозғалысының
қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым.
Халел Досмұхамедов (1883ж., Атырау обл., Қызылқоға ауданында дүниеге келіп, 1939
жылы Алматы қаласында дүниеден өткен.
Орал әскери реалдық училищесін 1902 жылы үздік
бітіріп, 1903 жылы Санк-Петербургтегі Императорлық әскери медициналық академиясына
оқуға түседі. 1909 академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен бітіріп, офицер ретінде кесімді
мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберіледі. 1912, 1915 жылы оба індетіне қарсы күрес ісіне
қатысады.Осы еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталған.
Ж.Досмұхамедов көшесі -
(бұрынғы Рабочая көшесі)
Жаһанша Досмұхамедов - (1886-1938) көрнекті мемлекет, ұлт қайраткері, жоғары білімді
алғашқы
қазақ заңгерлерінің бірі, саясаткер, Алаш қозғалысының қайраткері. 1938 жылы
жазықсыз
репрессияға ұшырап, 1956 жылы ақталды. 1886 жылы БҚО дүниеге келген. 1912
жылы Санк-Петербург университесттінің заң факультетін бітіріп, Томск округтік сотында 1917
жылдың ақпанына дейін қызмет істейді. 16 жылы ұлт-азаттық көтеріліс тұсында басқа да Алаш
зиялыларымен қатар мәселенің
бейбіт жолмен шешілуін жақтап, халықты көтеріліске
шықпауға шақырады. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен 1917 жылдан кейін болған қоғамдық саяси
өзгерістер Облыстық Жалпықазақ съезін өткізуге белсене араласады. 1917 жылы желтоқсанда
өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметінің құрамына сайланады. 1918-19
жылы Батыс Алашорда бөліміне басшылық етеді. 1918
жылы наурызда Халел
Досмұхамедовпен бірге Алашорда үкіметі атынан Кеңсе үкіметінің басшылары Ленинмен және
Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. 1920 жылдан бастап әр түрлі
шаруашылық
жұмыстарда, Мәскеуде экономист болып қызмет етеді.
Ұлт мәдениетін көркейтуге,
ғылымның, білімнің дамуына зор үлес қосады. 1922-1925
жылдары «Талап» мәдениетті көркейту қауымының мүшесі болды. осы қауымның төрағасы
Халел Досмұхамедов Түркістан заң шығару халық
Коммисарының өтініші бойынша,
Х.Досмұхамедовке азаматтық және қылмыстық кодексті қазақ тіліне аударуды тапсырған.
Х.Досмұхамедов «Уголовный кодексті» «Жауыздық низамнамасы» деп аударған. Бұл аударма
1000 данамен жарық көріеді. Ж.Досмұхамедов 1938 жылы Кеңес үкіметі ұйымдастырған саяси
қуғын- сүргіннің құрбаны болды.
Достарыңызбен бөлісу: