Мерзімі:1.04.2020ж
Қазақстан тарихы 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
6.3.1.10 Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау
6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
Өмірбаяны
Қасым хан Жәнібекұлы (1445—1518) — қазақтың ұлы хандарынын бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы. Шешесі Жаған-бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңілісі.
Қасым хан (шамамен 1445 – 1521 жылдары) – Қазақ хандығының ханы (1511 – 1521), Әз-Жәнібек ханның ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерде Қасым хан 15 ғасырдың 70 – 90 жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Бұл кезде қазақ ханы Керейдің ұлы Бұрындық, қазақ әскерінің қолбасшысы Қасым хан болды. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректер Қасым ханды «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан және Әз-Жәнібек ханның басқа да ұлдары Сығанақ, Сауран, Отырар,Сайрам түбінде бірнеше рет Шайбани хан әскерін тас-талқан етіп жеңеді. 15 ғасырдың 90 жылдары жасалған бейбіт келісім бойынша Қазақ хандығына Сығанақ пен Сауран өтеді. Бұл қалаларда Жәнібек хан ұлдары билік жүргізеді.