Өмірбаяны Қасым хан Жәнібекұлы (1445-1518) қазақтың ұлы хандарынын бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы.



бет3/4
Дата09.10.2024
өлшемі0,61 Mb.
#205950
түріӨмірбаяны
1   2   3   4
Байланысты:
Қасым хан туралы

Қосымша

Бізге белгілі, «Қaсым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғы|жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Қасым «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелердің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.

Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».

Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына (ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».

Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады».

Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».

Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек».

Қасым хан жазба деректерде

  • Тегерандағы Қажы Хусейн Малек кітапханасынан табылған қолжазбалардың бірі «Тарих-и Сафавие» (Сефевидтер әулетінің тарихы) деп аталады. Бұл қолжазбаның авторы – Исмаил Хусейни Мараши Табризи. Ол өз ортасына Мир Мулайим Бек деген атпен танылған. Сондай-ақ оның «Да‘ва» деген лақап аты да белгілі. Аталмыш қолжазба Сефевидтер әулетінің (XVI-XVIII ғасыр) та­рихы мен осы әулеттің көршілес елдермен арадағы қарым-қатынасы туралы сыр шертеді. Бұл қолжазба – 372 парақтан тұратын қомақты еңбек. Беттер саны түгел емес, басында және соңында беттері түсіп қалған. Жазуы наста‘лиқ үлгісінде таңбаланған. Қолжазбаның алғашқы бөлімдерінде Сефевидтер әулетінің билікке келу тарихы мен билік құруы туралы әңгіме болады. Ал қолжазбаның соңғы бөлімінде осы әулеттің Орталық Азия хандарымен қарым-қатынасы, олардың бір-бірімен арадағы өзара дипломатиялық қатынасы әңгіме болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет