Атмосфера
(әңгіме)
Облыс орталығында, ұлы Отан соғысы жеңісінің 70-жылдығына арналған парадқа қара құрым ел жиналған екен. «Әй, Мәскеуде де осындай халық жиналмаған шығар!»- дейді біреу.-«Сыңсып тұрғой, қала түгел далаға шыққан екен,»- дейді оны қоштап тағы біреуі.Қала орталығын тіліп өтетін үлкен жолды күндік жерден буып, көлік жібермей тұрған тәртіп сақшыларының өзі- бір тойдың адамы. Георгий лентасын өңіріне қадап алған жұрт шыныменен көңілді. Кейбіреудің жанынан өткенде арақтың иісі келеді. Немерелерін мойындарына мінгізіп алып парад тамашалаған «жас аталар» немерелерімен былдыр-былдыр тіл қатысып қояды.Шеруді тамашалаған жұрттың ішінде төрт кісі бөлек тұр. Төртеуі құрдастар.Төртеудің бірі ұзын бойлы, тұла бойында бір шайнам шығар қырым еті жоқ, қоңқақ мұрынды,шашы аппақ қудай болған шикіл сары. Бұл- Біртай деген шойынжолшы кісіміз.. Біртайдың Ұзын бойына өлшеп айтылғандай «Төртпақ шымыр келеді, ұзын қыңыр келедінің»- өзі. Шамасы, келмейтін шоқпарды беліне байлайтынның өзі.
Ал екіншісі орта бойлы, жуан қарынды, бұқа мойын, шашын тақырлатып алдырып жүретін көзі аларған, жайын ауызды кісі. Бұқа мойын, сом білек- тегеуірінді, қайратты жан екендігінен хабардар етсе, аларған көз -қорқақтықтығының , үркектіктігінің, сақтықтығының белгісіндей. Қайраты тасығанымен қорқақтау екен дейсің. Жайын ауызына қарай отырып, тамақсау кісі екен ғой дейсіз. Бұл- Қайранбай деген мұнайшы кісіміз.
Үшіншісі, төрешілердей шалт қимылды, жауырыны қақпақтай, мұрты едірейген ұзын қара. Көзі жыпылықтай беретін ұзын қара қасындағылардан омыраулылау көрінеді.Жүріс-тұрыс , сын-сымбатына қарап, паһ, азамат-ақ екен дейсің. Бірақ жыпылықтай беретін көзі адамды күш-қайрат, қажырына, байлығына қарап бағалайтын бәсекенің адамы екендігінен хабар бергендей.. Бұл -Арман деген кісіміз.
Төртіншісі, кісілікпен ісі жоқ, жоғалған түйедей маңқиып жүре беретін, еңкіш тартқан, біртоға сары өңді кісі. Сары өңді кісінің қабағы қалыңдау екен. Күлкіні емес, ұйқыны жақсы көретін сабазсың ғой-дейсің. Еңкіштігі кісі ыңғайымен жүрер ыңғай төктігінен, құрсыншы соныкі-ақ дұрыс болсыншы дейтін қайымшылдығынан хабардар еткендей. Бұл- Кәдірбек деген кісіміз.Бұл құрдастар тобын ұзын қара бастайды.
Ұзын шикіл сары ұзын қараға бірде ерсе, бірде ермейді. Бұқа мойын, тақыр бас ұзын қараға өкпесі бардай әр сөзін іліп алып, әжуа етеді. Еңкіш
тартқан сары өңді бұйдалы түйедей жетекке ере береді. Ұзын қара мен сары өңді іш-тысты сияқты. Ұзын қара қазіргісін ойлап амал қылса, сары өңдіге «Абай» өтіп кеткен бе ар тазалығына ойыса береді. Сары өңдінің тақуалығын ана үшеуі әжуалайды. Сары өңді ұзын шикіл сарыдай аңқау болмағанымен, бұқа мойын тақыр бастай бас пайдасына жетік емес.
Топ бастайтын ұзын қара;
- мұртты майлайық деді.
-Мұрт жалғыз сенде бар, мұрты жоқ біз немізді майлаймыз?-деді бұқа мойын.
-Онда өзің біл, біз шашлық жейміз, –деді мұртты ұзын қара.
*****
Шағын кәуапхананың айналасы да іші де адамға лық толы. Зыр жүгірген жас орыс әйелі іштегі тамақтанушылардың бабын тауып, не сұраса соны әкеліп беріп жүр. Төртеудің ішінде орысшаға жүйрігі бұқа мойын. Даяшы жас орыс әйелді байқаған мұртты ұзын қара, сары өңдіні ымдап ана екеуіне көз қысты.
Бұқа мойын мен ұзын шикіл сары болмашыны сылтауратып тыста қалып қойды. Бұлар үстелге келіп отырды. Сыраға бөртіп суыртпақтап әңгіме айтып отырғандар, үстелдерінің үстін ауық-ауық тазалап кететін жас орыс әйелге – «спасибо, спасибо» деп қалады.
Бұлар отырған үстелге жасы 23-24 тер шамасындағы, шашын тастай бір өрім етіп өрген, ақ сары өңді, сұңғақ бойлы, аяғы оқтаудай, еңкейгенде омырауының ашығынан әлі торлай қоймаған егіз қауындай былқылдағы көрінетін орыс әйел келді . Даяшы жас орыс әйел келгенде, тамағым қышып кетті деп жөткірініп мұртты қара орнынан тұрып кетті.
Кәдірбектің орысшаға тілі добал. Теледидардан хабардың орысшасын тыңдағанда 70-80 пайызын түсініп отыратын деңгейде, үйінде орысшасы жетпегендерге орысшаның аудармасын тұспалдап айтатын Кәдірбек акцентпен сөйлеуі өз алдына, орысша сөздерді қысыла-қымтырыла айтатынынан болу керек, орысшасы түсініксіз бірдемеге айналып кетеді.
-Шашлық четыры чампур, пока,- деді. Орыс әйел:
-а, хлеб;- деп қайыра сұрады.
-Да,да хлеб;- деп Кәдірбектің қаралай діңкесі құрыды.
-Какие, свинин или баранин, окарачка деп отты ала жүгірген адамша орыс әйел жылдам-жылдам сөйледі. Оған ілесе алар Кәдірбек пе:
-Да, да баранин –деді.
-чай с молоком один, чай без молоко один, чай с лимоном,- деп әркімнің тәбетіне қарай тапсырыс беріп жатқанына орыс әйел түсінбей қалды ау деймін
-не поняла;- деді. Кәдірбек қайталап айтты, орыс әйел түсінбедім дегендей қызарақтап екі иінін қысты.
Кәдірбек түсіндіре алмасын білді –ау деймін. Четыре стакан чай с молоком и двести грамм водка,- деп қолын бір сілтеді.
Ана үшеуі де келіп үстел жағалап отырды.
-Аққудай екен, –деді мұртты ұзын қара.
-Аққу мойын екен де, -деп Кәдірбек теңеуді түзетіп қойды.
-Паһ, ақтығы мақтадай екен!- деді бұқа мойын
- Әй, мұндайды «аршыған жұмыртқадай» дейді. Теңеуді дұрыс қолдана білмейсіңдер,- деді Кәдірбек.
Аршыған жұмыртқалардың дәмін талай татқан Кәдірбек білет те теңеуін, –деп қоңқақ мұрын жұтқыншағын қылқ еткізді.
Аз-кемнен соң үстел үсті тола бастады. Тас табаққа салынған,сірке суына бұқтырылған, дөңгелене туралған жуаны жастықша жастанып, буы бұрқырап істікке шаншылған кәуап келіп жайғасты үстелдің қақ ортасына. Тоқымалы ыдысқа салынған ,туралған ақ бөлкенің ізін ала шәшкемен сүт қатқан шәй, қағаз құтылы алма шырыны келді. Ең соңынан, мықынсыз,бұлтиған бөксесіне қылтиған мойыны жарасқан шыны ыдысқа құйылып Кәдірбектің зәкәзі келді .
-Менің үккіштен өткізілген еттен жасалған кәуап жегім келіп отыр. Кәдірбек, сенің таныстығың бар ғой даяшыны шақырып айтшы,- деп бұқа мойын қолқа салды.
-Девушка,- деді Кәдірбек. Жас орыс әйел лып етіп қасына жетіп келді.
- Паршовый шашлык,- деді Кәдірбек.
-Не поняла,- деді жас орыс әйелі
-Люля кебаб деді Кәдірбек.
-не поняла,- деді орыс әйел. Ана үшеуі күлкіден булығып, бұралақтап жатыр. Кафе іші қыран топан күлкі.
-Әй, өз қотырыңды өзің қасысаң өлетін бе едің , азаматты күлкіге қалдырып Қайранбай сенікі ұят деп бәле бастайтын ұзын қара, бұқа мойынға көз қылып ұрсып жатыр. Бұқа мойын, ұзын қараның қулығына құрық бойламайтынын біледі. Арандатқыш, астаудан секірткіш қудың орына үшеуі кезек-кезек жығылады. Білдіртпей істедім дегеннің өзіне Арманның бірдеме бүлдірейін деп тұрғанын үшеуден бұқа мойын біліп тұрады. Бұқа мойын-күннің райын қабағынан танитын Кещенің Құрымдарынша ұзын қараның не айтпағын да біліп тұрады. Ұзын қараның таппайтыны жоқ. Қатын құрдасты да тауып жүрген де осы. Қатын құрдас демекші...
«Баяғыда, ұзын шикіл сары мен сары өңді жоғары оқуда оқитын кезі. Ауылға жақын жерде малшылар қыстады. Малшының әйелі бұлармен бірге
оқыған -Тұрахан. Жастай ата-анасынан айырылып, апа-жездесінің қолында өскен Тұрахан бәлендей қыз болып бой тұзеген жоқ сегізіншіні аяқтау емтихандарын тапсырып жатқан кезде Молақбай алып қашқан. Молақбай о күнде 25-26- лардағы сүр бойдақ. Отызға келсе де менен көрме.Молақбай шопанның көмекшісі болғанымен көбіне тракторын айдап ойда жүретін. Елдің, Молақбайға қыз бермейтіні, кәрі шешесі көкбет жан болатын. Ауыл -аймақ «айғыр кемпір » атайтын Молақбайдың әжесінен, ауыл әйелдері қатты сескенетін. Ауылдың бойжеткен қызы бар үйдің әйелдері, қыздарының құлағына сіңсіндеп, әдейі;- Молақбайы құрысын деуші еді. Сол Молақбай ауылға жақын жерге қонған. Қатынын қызғанатын Молақбайды сөйлетейін деді ме, әлде басқа ойы барма кім біілсін ұзын қара :- Осылай да осылай аң аулап жүргенде Тұраханды көрдім, аппақ сазандай болып кетіпті, сендерге сәлем айтты. Шәй ішіп кетіңдер деді. Келесі сенбі барайық. Алдағы жаңа жыл үмесіне Молақбай екеуін шақырайық-деген ғой. Он шақырым жердегі «Қыз жібек пен Төлегеннің» көшпелі будкісіне аттылы жаяу төртеу бармай ма?.
Салған жерден отағасы:- намаздігердің көлеңкесіндей болған мыналарың кім деп әйелге тиісті. Мал арық, дым таппай отырғанда қонақта үйір болады деген -деп қаралай тарылды. Бұларды кім дейміз дегенде Тұрахан:
- кластастар ғой,- деді.
Қара көлеңкеде, үзбей тамшылап жанып тұрған, солярка пештің қуысында Молақбай түйіліп отыр. –Мына пәлекеттер көзін-ала бере әйелімен сыбырласып сөйлесетіндей ме?. Үйіріне жақындаған өзге айғырды көрген бесті айғырдай, шарпысып шатақ шығарып мыналарды желкелеп, желкелеп қуып жібергісі келіп отыр. Тұрахан төртеуінің алдына төрт зерен шұбат қойды. Төрт жерге қойылған төрт зерен шұбат емес ,төрт зеренге құйылып Тұраханның ықыласы, махаббаты кетіп бара жатқандай Молақбай қызғаныштан өртене жаздап отыр. Қызғанышты тазалықтың, адалдықтың, жігіттіктің сыны санайтын Молақбай, махаббатта ардың адамы. Кім көрінгенмен әйелінің ыржаңдасуын көтермейді. Тұрахан, Молақбайдай қызғаншақ адамы болғанына бақытты еді, Күйеуін адамсынбайтын әйелерді Тұрахан түсінбейді. «Адамыңды .бақытым деп білмесең бақыт сені неғылсын»- деп ойлайтын Тұраханның өмірге өкпесі жоқ еді. Молақбай қазан көтер деген жоқ. Отағасының қабағын танитын Тұрахан да қазан көтерейін деген жоқ. Молақбай;
-Кластасшылын мұның -деп әйеліне аларып қарады. Жыны келген, оқығаны көп Кәдірбек:
-отағасы біз сізге бөтен емеспіз, «қатын құрдас» боламыз,- деді. Ұйықтағанда, қатынын қызғанып бір көзін ашып ұйықтайтын Молақбай:
- Қатын құрдастарым мен өлгенде топырақ салмай-ақ қойыңдар деді. Кетуге ыңғайланған төртеудің көсемі ұзын қара:-Молақбай, Тұрахан, біз сіздерді жаңа жылдағы үмемізге шақыра келдік, келіңіздер –деді.»
Шатақ шығарғысы келіп әзер отырған Молақбай:
-Тойшылын, сауықшылын бұлардың, қолымды екі ете алмай жүрмін, мал қырылып жатыр, бара алмаймын. Сау болың деді. «Қатыны жоқ, кіл текедей бақылдағандар аппақ жас қатынды (Тұраханды айтқаны) ортаға алмақсыңдар ғой»- деген сөзді ұзын қара Молақбайдың жүзінен оқыды. Азып-тозып он шақырым жерге төрт желөкпе қайта кетті. Ұзын қара тізем ауырады деп жирен дөненін жайдақ мініп алған. Бұлар жаяу. Ұзын қара құрдастарын мақтан тұтатындықтан осылай істейді. Ұзын қараның төртінші атасы ел арасында «Бұзық» атанған дегенді еститін. Ұзын қара оқыс оқиға (приключение) ішінде құрдастарын кейіпкер ретінде көргісі келеді. Жаны осындайға құмар. Қазір де тілі орысшаға добал Кәдірбекті орға жығып отыр. Оны Кәдірбек білмейді. Өздерің айтың, орыс әйелмен өздерің сөйлесің деп ұзын қара судан таза кейіп танытып отыр.
Орысшаға жүйрік Бұқа мойын даяшыны он орады. Кәдірбектен өзгесі ішпейтін болды. Бұқа мойын рөлдемін деді. Ұзын сары емделіп жүрген екен. Ұзын қара жолдағы ауылдағы әкесіне соғып кететін көрінеді.
«Піскен астың күйігі жаман» деп Кәдірбек екі жүз грамды тәшләп жібереді. Баяғы төменшіктеу қалады. Лев Толстой «бір адам бар ішсе кісіліктен кетеді, бір адам бар ішсе-ақ ақылды болып кетеді. Арақты соңғысы ішу керек әуелгісі ішпеу керек »-дегенін ішкен де үнемі айтып отыратын Кәдірбек қазір-ақ өзгереді, әңгіме айтады. Өлең оқиды. Анектод айтады. ». Әрине, бұл ұзын қараның ішкі ойы. Кәдірбектің әңгімесін сағыныпта қалды. Кәдірбек бұзды дегенді әлі ешкім естіген жоқ. Кәдірбек соң ішемін деп екі жүз грамды шетке ысырып қойды. Әңгіме айтылмады. Мырс-мырс күлген ұзын қара Кәдірбектің ығына жығылып отыр. Бұқа мойын Кәдірбектің орысшаға тілінің добал екенін шыжғырып тұрып бетіне басайын деді ме, әлде құрдастығына басып қажағысы келді ме?
- Кәдірбек баяғыда орыс қыздармен жүрдім дейтін едің ? Екі ауыз орысша сөйлей алмайсың ғой.
Мәдениет, эстетика қалыптасу үшін орысша білу керек. Ең азы қалалы жерде орысшаң жоқ болса, көшеге шығудың керегі жоқ –деп ділмарсыды бұқа мойын.
- Оның бәрі менен қалған сөз. Сонда қазақша сөйлеу кеңістігі үйден кафеге дейін болғаны ма?
-Қандай даналық?- деп қалды ұзын қара.
-Қазір бәрін баяғы Әділбай мұғалімше түсіндіремін, бәрін түсіндірген соң екі жүз грамм ішемін. Мен үшін ұялмаңдар. Кәуапты бір жеп алалық деп Кәдірбек сапты аяқтағы алма шырынын ала берген қолы сәл қалтырап кеткенін ұзын қара байқап қалды.
Кәуап желініп болды-ау ,енді тұралық деген мезгілде Кәдірбек даяшы орыс әйелді шақырды. Лып етіп жетіп келген даяшыға Кәдірбек:
- Арыз-шағым жазатын кітабыңды әкел жазатын арызым бар деді.
- Не поняла,- деді орыс әйелі.
-әй, Кәдірбек, қажет емес, орысшаға тілің добал өзіңнен көр, , төлем қағазыңды бер деп бұқа мойын орыс әйелге бұрылды.
-Жоқ, деді Кәдірбек. Сендер неге күлу керек екенін білмейсіңдер. Неге күлу керек екенін Кәдірбек қазір сендерге үйретеді. Арыз-шағым кітабыңды әкел- деп қалшылдағанда орыс әйелі араша сұрағандай көрші үстелдегі күнде келетін жүз таныс әйелдерге қарады.
-Он, спросит Книга жалоба дай ему,-деп көрші үстелдегілер үн-түнсіз тына қалды.
-Қарындас бір минут құлақ ас сөзіме ,сендерде тыңдаңдар,- деп қасындағы үшеуіне дауыс көтере сөйлеген Кәдірбекке, кафеге кәуап жеуге жиналғандар құлақ түре қалды. Мынау менің ауылым, өлең төсегім, өз жерім, өз қалам, өз үйім. Өз үйімде тәбетім шапқан тағамды қазақша сұрауға құқым бар. Орыс досымыз. Тарихымыз орыс пен бір оған шүбам жоқ. Мен енді қырық бес-елуге келгенде орысша сөйлеуге құмартпаймын да талпынбаймын да. Ауыл қазағы болып қаламын. Өз төрімде өз тілімде сөйлеймін. Қазақ болып өлемін, Қазақ болып туғасын, былайырақ барып қазақ болып өлгенге және шалқайып өлгенге не жетсін. Қытайда мектеп бағдарламасы бойынша берілетін тест сұрақтарында әлемде өз тілінде сөйлемейтін мемлекет қандай мемлекет дегенде дұрыс нұсқасы- «Қазақстан» деп оқытады екен. Европа жиһангезі әлемдегі ең сорлы халық қазақтар дейді. Шетел бізге күледі, ал сендер маған күлесіңдер. Баяғыда Қараш Батанияз «Осы, Адай мені Қараш көреді ,мен Адайды қораш көремін» -деп айтады екен. Сол айтқандай сендер күлмеске күлесіңдер. Иә, Елбасы үш тұғырлы тіл туралы айтқанда, мал табар тілің орыс тілі мен шет тілі дегені. Базар тілің, мал табар тілің дегені, өндірісіміз дамығасын не жыным бар басқа тілді үйреніп сібір халықтары сияқты өз тіліңді ұмытып кет дегендік емес. Тіл атмосферамыздың иммунитеті. Менің үйімде маған:- не поняла дейсің. Мен не істеуім керек өзге кафеге жылыстап кетуім керек пе? Жоқ. Мен, сенің бастығың жеке
кәсіпкердің атына, халыққа қызмет көрсететін даяшы қазақша білсін не қазақша курстардан өткізіп алыңыз деген шағымымды жазамын. Істің мән-жәйін енді түсінді-ау деймін жас орыс әйелі:
-Менікі бала бар, бай жоқ, жұмыс жоқ. Я, изучаю по казахскиий не на до ссорит менікі түсінеді. Мен үйренеді деп даяшы шырқырап қоя берді.
-Жарайды шыныңды айтып тұрсың ғой . Давай,давай жақсы деді Кәдірбек. Даяшы мен бұқа мойын есептесті.
Ал жігіттер, мерекелеріңмен деп Кәдірбек екі жүз грамды тартып жіберді.
-Ал, жігіттер сыртқа шығайық,- деді Кәдірбек.
Үшеуі қопарылып тұрды , Кәдірбектің қасындағы үшеуі де өздерін сәл төменшіктеп,аласарып бара жатқандай сезінді. Жұрт осыларға сүйсініп қарап қалды. Манағыдай емес Кәдірбек енді еркін, Даяшы орыс әйелге сау болыңыз деп оң қолын көтерді. Өз кезегінде орыс әйелде тап-таза қазақша «сау болыңыз» деп орысқа тән мәрттікпен басын изеді.
Осы көрініске тәнті болған шығар , шашын сарыға бояған джинси шалбар киген әйел кісі ағай деп Кәдірбекке қарай жүрді. Өзін Гүлмайсамын, кафе жанындағы базарда сатушымын деп таныстырды.
Кәдірбек жас әйелге не айтасыз деп тіксініккіреп қарап тұрды.
-Ағай ,жарайсыз, мен үнемі осында келіп тамақтанамын. Сіз атмосфераны өзгертіп жібердіңіз. Кафедегі атмосфера бұрын басқа болатын, қазір басқа күйге енді деп мына отырған қыздар айтып жатыр,соны сізге айтайын деп,- едім деп сатушы әйел ризалықпен Кәдірбайға қарады.
-Ойд-ө-ө-йт дерсің, Кәдірбайдың құрметі асты-ау деп ұзын қара
құрдасына
Қабыл Әбдірахманұлы
Достарыңызбен бөлісу: |