Өмірбаяны Қасым хан Жәнібекұлы (1445-1518) қазақтың ұлы хандарынын бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы.



бет2/4
Дата09.10.2024
өлшемі0,61 Mb.
#205950
түріӨмірбаяны
1   2   3   4
Байланысты:
Қасым хан туралы

15 ғасырдың 90 жылдары жасалған бейбіт келісім бойынша Қазақ хандығына Сығанақ пен Сауран өтеді. Бұл қалаларда Жәнібек хан ұлдары билік жүргізеді. 15 ғасыр басында Мауераннахрды бағындырып, үлкен күшке ие болған Мұхаммед Шайбани хан 1506 – 10 жылдары үздіксіз төрт рет қазақтарға жорық ұйымдастырады. Бұрындық хан Шайбани ханның алғашқы үш жорығына тойтарыс ұйымдастыра алмайды. Оның беделі төмендейді. Ал жазба деректерде «бұл кезде Қасым хандық билікте болмаса да, оның беделі ханнан күшті болды» және «өзін дербес ұстау үшін Бұрындық ханнан алыста көшіп-қонып жүрді» делінеді. 1510 жылы Шайбани ханның соңғы, төртінші жорығы Ұлытау өңіріндегі Қасым ханның ұлысына бағытталады. Қасым хан әскері Шайбани хан әскерін тас-талқан етеді де, жауды Сыр бойынан қуып шығады.

  • 15 ғасырдың 90 жылдары жасалған бейбіт келісім бойынша Қазақ хандығына Сығанақ пен Сауран өтеді. Бұл қалаларда Жәнібек хан ұлдары билік жүргізеді. 15 ғасыр басында Мауераннахрды бағындырып, үлкен күшке ие болған Мұхаммед Шайбани хан 1506 – 10 жылдары үздіксіз төрт рет қазақтарға жорық ұйымдастырады. Бұрындық хан Шайбани ханның алғашқы үш жорығына тойтарыс ұйымдастыра алмайды. Оның беделі төмендейді. Ал жазба деректерде «бұл кезде Қасым хандық билікте болмаса да, оның беделі ханнан күшті болды» және «өзін дербес ұстау үшін Бұрындық ханнан алыста көшіп-қонып жүрді» делінеді. 1510 жылы Шайбани ханның соңғы, төртінші жорығы Ұлытау өңіріндегі Қасым ханның ұлысына бағытталады. Қасым хан әскері Шайбани хан әскерін тас-талқан етеді де, жауды Сыр бойынан қуып шығады.

Ұрпақтары

  • Қасым ханның тарихта үш ұлының аты қалған. Олар: Мамаш, Хақназар хандар және Әбілқайыр сұлтан. Мамаш хан Қазақ хандығының тарихындағы аласапыран кезеңде билік етіп, қақтығыс кезінде қаза тапқан. Ал Хақназар хан қазақ халқының тарихында ұлы билеуші ретінде қалғаны белгілі. Әбілқайыр сұлтан Иран шахымен болған шайқаста 1511 жылы қаза болған.

Хақназар
Әбілқайыр сұлтан

Қасым ханның қасқа жолы

  • «Қасқа жол» — деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:
  • Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді;
  • Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді;
  • Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты;
  • Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмейді.
  • Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет