ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы


М.Дулатов атындағы көше -



Pdf көрінісі
бет270/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

М.Дулатов атындағы көше - 
Зашаған
 
кентіндегі жаңа көше атауы. Міржақып Дулатұлы 
(1885-1935) - қазақ ақыны,публицист және аудармашы. Қазіргі Қостанай облысының Сарықопа 
өңірінде туған. Бастапқыда ауыл мектебінде білім алады. Міржақып 12 жасында Торғайдағы 
екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне түседі. 1902 жылы педагогикалық курсты бітірген. 
М.Дулатұлы ауылда бала оқытумен айналысады. Бос уақытын өз бетімен білім алуға арнайды. 
1905 жылғы революциялық дүмпуі күндерінде ол Қарқаралыда демонстранттар қатарында 
болды. Кейіннен Оралдағы қазақтардың конституциялық-демократиялық партиясы съезінің 
жұмысына қатысып, осы съезд делегаттарының құрамында Петербургке барды. 1907 жылы 
«Серке»газетінің алғашқы нөміріне жарияланған «Жастарға» атты өлеңінде ақынның бірінші 
орыс революциялық бас көтеруінде басынан кешірген сезімдері суреттеледі. Міржақып 
Дулатұлының ұлттық өлкелердегі патша саясатының сұрқиялығын әшкерелеген «Біздің 
міндеттеріміз» атты мақаласы «Серкенің» екінші нөміріне жарияланды. Осыдан соң бұл газетті 
шығаруға тыйым салынады. Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!»атты тұңғыш жыр жинағы 
1909 жылы жарық қөріп, ізінше тәркіленді. Патшаның күзет қызметі тарапынан қуғындау 
басталады. Ақын бір жарым жылын Семей түрмесінде өткізді. 1910 жылы Міржақып 
Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» атты романы, ал 1913 жылы «Азамат» өлеңдер жинағы 
жарық көреді. 1915 жылы ақын «Терме» деп аталатын әдеби-публицистикалық кітабын 
жариялады.
 
Ол - оқулық жазуға қатысқан ғалым-педагог. М.Ю.Лермонтов, А.С.Пушкин, Абу 
Фирастай, Шиллер шығармаларын аударған. Өз сөзіне қарағанда 20 шақты кітап аударған. 
«Азамат» жинағына ақынның өз өлеңдерімен қатар, Ю.Шиллерден, А.С.Пушкиннен, 
Ғ.Тоқайдан, М.Ю.Лермонтовтан жасаған аса қөркем аудармалары да енгізілген. М. 


179 
Дулатұлының Ш. Уәлиханов, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынұлы туралы мақалалары, «Қазақтар 
мен қырғыздардың шығу тарихы» деп аталатын қөлемді еңбегі, екі бөліктен тұратын «Қазақ 
кітаптарының библиографиялық қөрсеткіші» т.б. туындылары нәзік эстетикалық талғамымен 
және тереңдігімен ерекшеленеді. 1913 жылдан бастап Орынборда «Қазақ» газеті шыға бастады. 
Мұнда Міржақып А.Байтұрсынұлымен бірге белсенді еңбек етті. М.Дулатұлы «Алаш» 
партиясының бағдарламасын түзушілердің бірі болды. 1917 жылдың аяғынан 1918 жылдың 
көкегіне дейін М.Дулатұлы «Қазақ» газетін басқарды, «Алашорда» үкіметі жетекшілерінің бірі 
және оның Әскери Кеңесінің мүшесі болады. 1919 жылы Міржақып көптеген алашордалық 
қозғалыс қайраткерлерімен бірге Кеңес өкіметі жағына өтеді. 20-жылдардың екінші 
жартысынан қазақ зиялыларын қуғындау басталады. М.Дулатұлы да тұтқындалып, 1930 жылы 
ату жазасына кесілді. Бірақ бұл жаза 10 жыл түрмеге отырғызумен ауыстырылады. 
М.Дулатұлы Соловецк лагерінде 1935 жылы 5 қазанда көз жұмды. 1988 жылдың қарашасында 
ақталды. М.Дулатұлы «соқтықпалы, соқпақсыз» шығармашылық және ғұмырлық жолдан өтті. 
Соңына асыл мұра қалдырды. Ол әдеби тілдің кемеңгер білгірі болды, қазақ журналистикасы 
кадрларының қалыптасуына ықпал етті. М.Дулатұлы- халықтың саяси санасын оятқан 
үркердей шоғырдың жарық жұлдыздарының бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет