ЈР ўылым министрлїгї ўылым академиясы



Pdf көрінісі
бет268/346
Дата12.06.2024
өлшемі3,08 Mb.
#203331
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   346
Байланысты:
Erjanova U.R. Batys Qazaqstan oblysynyn onomastikalyq kenistigi 2018

 
Дәуқара батыр көшесі
- Зашаған
 
кентіндегі 
 
жаңа көше атауы. 
Дәуқара Қарақожаұлы
 
(шамамен 17 ғасырдың соңы 18 ғ-дың соңы) –батыр, би болған 
адам. Есімі Байұлы тайпасы құрамындағы Байбақты руының ұранына айналған. Дәуқара батыр 
Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы шайқастарға қатысып, елі мен жерін қорғаған. Дәуқара 
батыр есімі батыс өңірінің ақын, жыраулары шығармаларында жиі айтылады.
 
Тайпақ 
ауданының Қырыққұдық, Өлеңті ауылдары маңын қоныстанған Байбақты руының Әлтеке 
тайпасының маңдай алды батыры болатын. Бармақ батыр алты ата Әлімнен тарайтын Кете 
руының маңдай алды батыры болған. Көршілес жатқан Ақтөбе облысының жерін мекен етсе 
керек. Бармақтан сескендіктен ешкім оның елінің малына тиісе алмаса керек. Бармақ туралы, 
оның орасан батырлығы туралы әңгіме Дәуқара батырға жетіпті. Дәуқара қырық жігітімен 
Бармақ ауылына бағыт ұстайды. Ара қонып Бармақ ауылының жылқышыларына тиіседі де, 
жылқыны бөліп айдап жүре береді. Төтеп бере алмаған жылқышылар жылқышының 
барымтаға түскенін иесіне хабарлайды. Хабарда жылқыны бір дәу қараның айдап бара 
жатқанын айтады. Сол кезде Бармақтың жасы жетпіске таяп қалса керек. Бірақ соған 
қарамастан барымташыларды өзі қуып береді. Қазіргі Бармақ деп аталатын оба тұсында 
Дәуқара оны өзі жеке күтіп алады. Осы жерге ұрыс салған екі батыр бірін-бірі ала алмай, 
қылыштарын қатар салыпты. Жасаңдау Дәуқара біраз жүріп барып Қалдығайты өзенінің 
бойындағы қырат басында жан тапсырыпты. Ал Бармаққа топырақ ұрыс даласынан 
бұйырыпты. Ол кезде қазақтар мола тұрғызбайтын. Батырлар мен билердің зиратына ғана оба 
үйілетін болған. Нөкерлері екі батырдың басына да оба үйіпті. Ол обалар бүгінгі Қаратөбе 
ауданының жерінде. Осы обалар Бармақ, Дәуқара деп аталады.
Х.Дінішев атындағы көше -
Зашаған
 
кентіндегі 
 
жаңа көше атауы. 
Хабиболла Дінішев 1906 жылы Бөкей жерінде дүниеге келген. Мәскеу қаласындағы 
жоғары техникалық училищесінің электротехника факультетінде оқып, кейін Ленинград 
қаласындағы филиалда аспирантурада оқуын жалғастырған. 1930 жылдары оған “Халық жауы” 
деген жалған жала жабылып, партия қатарынан шығарылады. 1941 жылы өз еркімен майданға 
аттанып, 1942 жылы елге соғыс мүгедегі болып оралады. Соғыс уақытында Орал қаласына 
Ленинград қаласынан көшірілген Ворошилов, кейін “Зенит” атанған зауытта өмірінің соңғы 
сәтіне дейін инженер болып еңбек етеді. 1973 жылы ардагер дүниеден озған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   346




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет